Әкімнің өмірбаяны

Тоқпейісов  Ғалым Қасымұлы  1967 жылы 19–шы қарашада  Алматы  облысы Балхаш  ауданы Қарой ауылында  дүниеге  келген.

1985 жылы тамыз  айында Талғар қаласындағы ауыл шаруашылық техникумына түскен. 1987 жылдың желтоқсан  айынан 1989 жылдың шілде айына  дейін  Талғар  ауыл шаруашылық  техникумын есепші  мамандығын алып бітірген. 1989 жылдың тамыз  айынан бастап Балхаш  ауданы «Қарой»  ет  совхозында қараша айына дейін  есепші болып жұмыс  атқарған. 1989 жылдың қараша айынан бастап Балхаш  ауданы «Ақдала» күріш совхозында бригадирдің көмекшісі, 1990 жылдың қазан айынан жоспарлаушы (экономист) 1993 жылдан бас жоспарлаушы, 1996 жылдың мамыр айынан 2004-ші  жылдың қазан  айына  дейін Балхаш ауданы Ақдала селолық округінің әкімі қызметін атқарған. 2004-ші жылдың  қазан айынан 2007 жылдың қаңтар айына  дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі балық шаруашылығы комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық басқарма бастығы қызметін атқарған, қаңтар 2007 – қаңтар 2012 жылдар аралығында Көксу ауданы әкімінің орынбасары қызметін, қаңтар 2012 – қараша 2012 жылы Алматы облысы әкімінің ұйымдастыру - инспекторлық бөлімінің, қаржы – шаруашылық бөлімдерінің меңгерушісі, 2012 жылғы қараша айының 21-нен 2013 жылғы 30 маусымға дейін Көксу ауданының әкімі, 2013 жылғы шілденің 1-нен 2014 жылғы шілде айының 18-не дейін Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы, 2014 жылғы шілде айының 18-нен Көксу ауданының әкімі, 2016 жылдың 8 шілде айынан бастап Балқаш ауданы әкімі лауазымына тағайындалды.

Карта сайта