Регламент работы

Регламент работы

Аппарат құрылымы

Аудан әкімі, орынбасарлары, аппарат басшысы және құрылымдық бөлімше басшыларының тізімі

Реттік саны

Аты- жөні, тегі

Лауазымы

Мекеменің

мекен -жайы

Жұмыс телефоны

1

Тоқпеисов Ғалым Қасымұлы

Аудан әкімі

Бақанас ауылы,
Қонаев көшесі 64 үй..

8(72773)91555

2

Смағұлов Сайран Сейткемелұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Бақанас ауылы,
Қонаев көшесі 64 үй.

8(72773)91309

3

Жүнісбеков Жанат Төлегенұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Бақанас ауылы,
Қонаев көшесі 64 үй.

8(72773)91442

4

Дарибаев Бауыржан Темірғалиевич

Аудан әкімінің орынбасары

Бақанас ауылы,
Қонаев көшесі 64 үй.

8(7277)91341

5

Ақылбеков Қанат Ақылбекұлы

Аппарат басшысы

Бақанас ауылы,
Қонаев көшесі 64 үй.

8(872773)91630

6

Рақышев Нұрланбек Рахатұлы

Ұйымдастыру  бөлімінің  басшысы

Бақанас ауылы,
Қонаев көшесі 64 үй.

8(72773)95421

7

Болатов Марат Билибаевич

Жалпы бөлім басшысы

Бақанас ауылы,
Қонаев көшесі 64 үй.

8(72773)91037

8

Қамзаев Асембек Күмісбекович

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі ) бөлімінің басшысы

Бақанас ауылы,
Қонаев көшесі 64 үй.

8(72773)91236

9

Байгуатова Эльмира Тулендиевна

Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі  және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы

Бақанас ауылы,
Қонаев көшесі 64 үй.

8(72773)95056

Аудандық дербес бөлімдерінің басшыларының тізімі

1

Өмірбаев Алпысбай Жандосұлы

Аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау  бөлімінің басшысы

Бақанас  ауылы,
Қонаев көшесі 75 үй.

8(72773) 91344

2

Ноғайбай Марат Нұраұлы

Аудандық қаржы бөлімінің басшысы

Бақанас  ауылы,
Қонаев көшесі 75 үй.

8(72773)91579

3

Төлепберген Қуаныш Шұғайұлы

Аудандық тұрғын үй-коммуналды

шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысының м.у.а

Бақанас  ауылы,
Қонаев көшесі 75 үй.

8(72773)91252

4

Мусаев Нұрғали Базарбекович

Аудандық  сәулет және  қала құрылыс  бөлімінің басшысы

Бақанас  ауылы,
Қонаев көшесі 75 үй.

8(72773)79027

5

Нарбаев Ғалым рақымұлы

Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

Бақанас  ауылы,
Қонаев көшесі 75 үй.

8(72773)91215

6

Мұқанов Бүркіт Аманкелдіұлы

Аудандық ауыл шаруашылығы  бөлімінің басшысы

Бақанас  ауылы,
Қонаев көшесі 75 үй.

8(72773)91605

7

Аймұханбет Айман Аміркешқызы

Аудандық білім бөлімінің басшысы

Бақанас  ауылы,
Қонаев көшесі 72 үй.

8(72773)91370

8

Құтпанбетов Азат Үкітайұлы

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Бақанас  ауылы,
Қонаев көшесі 66 үй.

8(72773)91425

9

Аманжолова Гаухар Аманжоловна

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Бақанас  ауылы,
Қонаев көшесі 72 үй.

8(72773)91080

10

Абишев Айқынбай Сембайұлы

Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы

Бақанас  ауылы,
Қонаев көшесі 72 үй.

8(72773) 95182

11

Манат Ришат Манатұлы

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

Бақанас  ауылы,
Қонаев көшесі 66 үй.

8(72773)95385

12

Түймебаев Айдархан Мырзахасымұлы

Аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы

Бақанас  ауылы,
Қонаев көшесі 72 үй.

8(72773)95396

13

Бөпешбаев Алибек Өтешбайұлы

 Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Бақанас  ауылы,
Қонаев көшесі 75 үй.

8(72773)95480

14

ЖұмабековАйбын Нәдірұлы

Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы

Бақанас  ауылы,
Қонаев көшесі 66 үй.

8(72773)95401

15

Күлтебаев Қабыл Садуақасұлы

Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Бақанас  ауылы,
Қонаев көшесі 66 үй.

8(72773)91543

Балқаш ауданы бойынша селолық округ әкімдерінің тізімі

1

Бақанас

ауылдық округі

 Төлеубек Дархан Төлеубекұлы

Бақанас  ауылы,
Қонаев көшесі 75 үй.

8-72-773-91645

2

Бақбақты

ауылдық округінің әкімінің м.а

Абдібаев Бөріхан Нарымбетұлы

Бақбақты  ауылы,
Абай көшесі 14.

8-72-773-99252

3

Бірлік

ауылдық округі

Елубаев Ернұр Қанатұлы

Бірлік ауылы, Бөтешов көшесі 2

8-72-773-93635

4

Миялы

ауылдық округі

Мырзахметов Асқар Айдаханұлы

Миялы ауылы,Қасымбеков көшесі 14

8-72-773-53248

5

Акдала ауылдық округі

Нарбаев Нұрбол Ақылбекұлы

Ақдала ауылы, Қонаев көшесі 27 А 

8-72-773-93355

6

Береке

ауылдық округі

Түймебаев Мұрат Балтағұлұлы

Береке ауылы, Қонаев көшесі 11/1

8-727-73-96100

7

Ақжар

ауылдық округі

Момынқұлов Айдос Байболатович

 Ақжар ауылы, Барибаев көшесі 20 

8-72-773-22228

8

Ақкөл

ауылдық округі

Ноғайбаев Сабыржан

Ақкөл  ауылы, Орталық көшесі 5 А 

8-72-773-93217

9

Көктал

ауылдық округі

Булыбаева Рая Ізбасаровна

Көктал ауылы, Ахметов көшесі 6А

8-72-773-92416

10

Құйған

ауылдық округі

Ахметов Кәдірхан Қаскенович

Құйған ауылы, Омарбеков  көшесі 34 

8-72-773-51155

11

Жиделі

ауылдық округі

Қиқымбаев Жанболат Несіпбекұлы

Жиделі ауылы,Жамбыл көшесі 7 

8-72-773-92646

12

Балатопар

ауылдық округі

Қамаубаев Қанат Сембаевич

Балатопар ауылы Күлмаханұлы көшесі 13 

8-72-773-96846

13

Топар

ауылдық округі

Нұрғожаев Қуат Жолтаевич

Топар ауылы, Бөлтірік көшесі 3 

8-72-773-51216

14

Желтораңғы

ауылдық округі

Шөбеев Ербол Серікбаевич

Желтораңғы ауылы, Шағырұлы көшесі 2 

8-72-773-94460

15

Қарой

ауылдық округі

Болатов Адилгаи Бексұлтанұлы

Қарой ауылы, Быдышев көшесі 26

8-72-773-50315

Аппарат бөлімдері

ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ

Қызметі

Аты - жөні

Байланыс телефоны

1

Бөлім басшысы

Рақышев Нұрланбек Рахатович

91341

Штат құрылымы

Қызметі

Аты - жөні

Байланыс телефоны

1

Бас маман

Молдахметова Жанар Мейрамбековна

95283

2

Бас маман-заңгер

Тынышбалаев Ислам Кадірбекович

95496

Нормативтік құқықтық және басқа да актілердің орындалуын бақылайды және тексеру ұйымдастырады, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі, еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, кенттік, ауылдық округтерге, бөлімдерге әдістемелік және іс-тәжірибелік көмек көрсетеді, аудан әкімдігінің барлық деңгейдегі  отырыстарының құжаттарын дайындайды.

 

ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ (кадр қызметі) БӨЛІМІ

Қызметі

Аты - жөні

Байланыс телефоны

1

Бөлім басшысы

Қамзаев Асембек Күмісбекович

91236

Штат құрылымы

Қызметі

Аты - жөні

Байланыс телефоны

1

Бас маман

Айнетулла Айжан Айнетуллақызы

91336

Персоналды басқарудың бірыңғай қызмет (кадр қызметі) бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де Қазақстан Республикасының  нормативтік құқықтық актілерін, аудан әкімі аппаратының ережесін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

 

ЖАЛПЫ БӨЛІМІ

Қызметі

Аты - жөні

Байланыс телефоны

1

Бөлім басшысы

Болатов Марат Билибаевич

91037

Штат құрылымы

Қызметі

Аты - жөні

Байланыс телефоны

1

Бас маман

Рыскелдина Ғалия Есболатовна

95323

2

Бас маман- есепші

Тілеужанова Дариға Құрманбековна

91442

3

Бас маман

Бертилеу Айдос Бертилеуұлы

95360

4

Бас маман

Мырзағали Есбол Нұрболұлы

95360

Аудан әкімі аппаратының іс-қағаздарын жүргізеді, аудан әкімінің актілерін тіркейді және сақталуын қамтамасыз етеді, мәжіліс хаттамаларын рәсімдейді, жоғарғы органдардан келіп-түскен құжаттардың орындалуын бақылайды, азаматтардың арыз-өтініштерінің дер кезінде тіркелуін және қаралуын қамтамасыз етеді, азаматтардың жеке қабылдау жұмысын ұйымдастырады, ведомствалық ұйымының мұрағатымен жұмыс жүргізеді, кенттік, ауылдық округтерге, бөлімдерге әдістемелік және іс-тәжірибелік көмек көрсетеді, құпия құжаттардың заңдылыққа сай сақталуын қамтамасыз етеді.

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БӨЛІМІ

Қызметі

Аты - жөні

Байланыс телефоны

1

Бөлім басшысы

Байгуатова Эльмира Тулендиевна

95056

Штат құрылымы

Қызметі

Аты - жөні

Байланыс телефоны

1

Бас маман

Сламхан Руслан

91650

Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

Мекеменің толық атауы:  «Бақаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Мекен-жайы: 040300, Қазақстан Республикасы,  Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 64.
Электрондық пошта:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                    
Телефон: 8-(727-73)-9-15-32
Қабылдау бөлмесі/Факс: 8-(727-3)-9-15-55


 

Сенім телефондары:


Аудан әкімі аппаратының басшысы  8 (72773)9-16-30

Аудан әкімі аппаратыныңжалпы бөлімінің бас маманы 8 (72773) 9-15-55

Ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)  бөлімінің бас маманы  8 (72773) 9-13-36


Бекітемін

Балқаш  ауданының әкімі

______________Ғ.Тоқпеисов

 

Азаматтарды қабылдау  К Е С Т Е С І

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін адамның тегі, аты-жөні

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін адамның лауазымы

Азаматтарды қабылдау уақыты және күні

Мемлекеттік органның орналасқан жері

Байланыс телефоны

Тоқпеисов Ғалым Қасымұлы

Аудан әкімі

Сағат 15.00 - 18.00

әр айда /әр айдың бірінші және үшінші дүйсенбесі/

Бақанас  ауылы

8(72773)91555

Смағұлов Сайран Сейткемелұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Сағат 15.00-18.00

әр апта /дүйсенбі және жұма/

Бақанас  ауылы

8(72773)91309

Жүнісбеков Жанат Төлегенұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Сағат 15.00 - 18.00

әр апта /сейсенбі және бейсенбі/

Бақанас  ауылы

8(72773)91443

Дарибаев Бауыржан Темірғалиұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Сағат 15.00 - 18.00

 әр апта /сәрсенбі және жұма/

Бақанас  ауылы

8(72773)91341

Ақылбеков Қанат Ақылбекұлы

Аудан  әкімі аппаратының басшысы

Сағат 15.00-18.00

әр апта /дүйсенбі және жұма/

Бақанас  ауылы

8(72773)91630

Міндеті мен мақсаты

 

Функциялары мен негізгі міндеттері:


           Аудан әкімінің аппараты Заңдарға сәйкес төмендегі функцияларды жүзеге асырады.

          - аудан әкімінің ақпараттық – талдау, құқықтық, ұйымдастыру, консультативтік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтері;

          - алқа мәжілісінде қаралатын мәселелер мен материалдарды зерделеу;

          - алқа мәжілісі күн тәртібінің жобасын дайындау;

          - бөлімдер, басқармалар мен комитеттер дайындаған әкім, алқа шешімдері мен өкімдерінің жобаларын сараптау;

          - алқа мәжілісінде қабылдаған шешімдерді басып шығару;

          - алқа мәжілісінде талқылаған кезде келіспеушіліктер пайда болып, оларды жою жөнінде тапсырма берілген жағдайда алқа қаулыларының жобаларын қайта дайындауға қатысу;

          - Қазақстан Республикасының Президенті, Үкімет актілерінің, әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы аудан әкімін үнемі хабардар етіп отыру;

          - ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту шараларының орындалуы туралы аудан әкімін ай сайын хабардар етіп отыру;

          - Президент, Үкімет актілерінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылауды жүеге асыру;

          - әкімге және оның орынбасарларына ауданның жағдайы мен әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын материалдар дайындау;

          - аудан әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын қамтамасыз ету;

          - әкімнің құқықтық қамтамасыз ету және басқа мәселелерді шешу қызметтеріне қатысу;

          - Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтау, бір жүзеге келтіру және кодификациялау;

          - мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік бос лауазымдарға кадрларды конкурстық іріктеуді, мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауын қамтамасыз ету, кадрлардың құрамындағы өзгерістер мен тенденцияларды қадағалап отыру, аттестация мен біліктілік курстарында кадрларды оқытуды, қайта дайындауды ұйымдастыру;

          - Қазақстан Республикасы Президентінің және жергілікті атқарушы органдарының сайлауын ұйымдастыруда сондай-ақ, материалдық – техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуде көмек көрсету бүкіл халықтық референдумдар өткізу;

          - аудан әкімінің қызметін құжаттармен қамтамасыз ету және оны жүзеге асыру үшін қызмет көрсету, іс қағаздарын жүргізу;

          - іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді кезең-кезеңмен енгізу;

          - қызмет бабындағы құжаттарды қарау;

          - азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

          - азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

          - аудан әкімінің аппаратында Заңмен жүктелген басқа функциялар.

 

 

Негізгі міндеттері:


  - Балқаш ауданы әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық, консультативтік және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету;

         - мемлекеттік органдардың аудан әкімінің актілерін әзірлеу және орындау процесіндегі қызметін үйлестіру;

         - аудан әкімі шешімдерінің жобаларын келісу және олардың орындалу мерзімін бақылау.

 

Аппарат тарихы

Аппарат тарихы

Балхаш ауданы әкімі аппараты - заңды тұлға мәртебесі бар, мемлекеттік мекеме болып табылады.

Пошталық адресі: Бақанас ауылы, Қонаев көшесі,64 

Тел/факс: 8(72773) 91-15-55.

Аппарат басшысы Ақылбеков Қанат Ақылбекович. Аталған қызметті 2018 жылдың 30-шы қарашасынан бастап атқарып келеді.

Аудан әкімі аппараты аудандық әкімішілік аппарат басшысының мирасқоры болып табылады. Құрылу тарихы 1996 жылдың 5 наурызынан басталып келеді.

Аудан әкімі аппаратын басшы құрамы мен 4 бөлім:

Ұйымдастыру, мемлекеттік құқықтық  және АХАТ  бөлімі

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)бөлімі

Жалпы бөлімі

Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі

 

Аппаратта 18 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Аппараттың құрылтай құжаты белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен.

Ереже Аппарат

 

 

                                           1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. 1.  «Балқаш  ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің және әкімінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық,   ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
  2. 2.  «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.  
  3. 3.  «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесі          ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесі      азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 040300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, № 64.

10. Мемлекеттiк органның толық атауы – «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесi.

11. Осы Ереже «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

         Егер «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

               2-тарау. « Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік  

                 мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары,  

                                       құқықтары мен мiндеттерi

 

14. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан әкімдігінің және әкiмнiң қызметiн қамтамасыз ету.

15. Мiндеттерi: аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

  1. 16.  Функциялары:

1) аудан әкімдігінің тоқсан сайынғы жұмыс жоспарын дайындау;

2) аудан әкімдігі мен аудан әкімінің актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;

3) аудан әкімдігінің отырысына материалдарды дайындау;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі мен Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының, әкімдік қаулылары мен хаттамалық тапсырмаларының, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы облыс әкімін, аудан әкімін жүйелі түрде хабардар етіп отыру, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

6) аудан әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін әкімдік отырыстарын, сондай-ақ басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

7) аудан әкімі және оның орынбасарлары үшін ауданның         әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайын сипаттайтын материалдар дайындау;

8) аудан әкімдігі және әкіммен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің есебін, мониторингін, жүйеленуін және бақылау даналарын жүргізу;

9) кәсiптiк даярлық деңгейiн айқындау мақсатында аудан әкімі тағайындайтын лауазымдар тізбесіне кіретін кадр құрамына талдау жүргізу;

10) кадрларды оқытуды ұйымдастыру;

11) қызметтік құжаттарды қарау;

12) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

13) іс-жүргізу, әкімдікке келіп түскен хат-хабарларды өңдеу;

14) атқарушы органдармен бірлесе отырып, әкімдік отырыстарында қарау үшін мәселелер дайындау;

15) ауданның жергілікті атқарушы органдарының және ауылдық округтер әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметкерлерінің қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жұмыстарды үйлестіру;

16) мемлекеттік сатып алуды жүргізу және ұйымдастыру;

17) азаматтық хал актілерін тіркеумен байланысты жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру;

18) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

19) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

20) өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимыл саласы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

21) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

22) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және қолжетімділігін жоғарлатуды қамтамасыз ету;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;

24) өз құзыреті шегінде ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

25) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

26) өз  құзыреті   шегінде  Қазақстан  Республикасының заңнамасымен көзделген мақсаты бойынша пайдаланылмаған, игерілмеген және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою;

27) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

2) Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі мен әкімнің актілерінің орындалуына тексерулерді тұрақты негізде жүргізуге, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау;

3) әкімдіктің отырыстарына, алқаларына, жергілікті атқарушы органдардың жиналыстарына қатысу;

4) аудан әкімінің қарауына және аудан әкімдігінің отырыстарына енгізілетін сұрақтарды дайындау үшін аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін қатысуға тарту;

5) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

6) Балқаш ауданы әкімдігі және аудан әкімі аппараты атынан сотта талапкер және жауапкер болу;

7) «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

 

 

3-тарау. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесі қызметiн ұйымдастыру

 

18. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

19. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасарлары жоқ.

21. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкiлеттiгi:

1) «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және жалпы басшылықты жүзеге асырады;

2) аудан әкімімен тағайындалатын лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізеді;

3) аудан әкімдігінің және әкімнің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;

4)  өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және қызметтік құжаттарға қол қояды;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын аппарат қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

6) «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

7) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі мен қаражатына билік етеді;

8) шарттар мен келісімдер жасайды, есептік құжаттарға қол қояды, сенімхаттар береді;

9) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.



               4-тарау. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік      

                                               мекемесінің мүлкi

 

23. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

           «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

24. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
 

                  5-тарау. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік  

                              мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

26. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Толығырақ...

Әкімі құрылымы

Балқаш ауданы әкімінің орынбасары

Жүнісбеков Жанат Төлегенұлы – 1984 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу ұлттық университетін бітіріп, Юриспруденция мамандығын алған. Еңбек жолын 2011 жылы бастаған. 2016 жылдың қыркүйек айынан 2018 жылдың 30 қарашасына дейін Балқаш ауданы әкімінің аппарат басшысы. 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Балқаш ауданы әкімінің орынбасары. 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі  

Аты жөні

Лауазымы

Қабылдау күні

Мекен жайы

Жұмыс телефоны

Жүнісбеков Жанат Төлегенұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері сағат 15-00- ден 17-00-ге дейін

Қонаев к-і, 64

2-қабат, жұмыс бөлмесі

9-14-43

 


 

Балқаш ауданы әкімінің орынбасары

Смағұлов Сайран Сейткемелұлы – 1958 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1981 жылы Қазақ политехникалық институтын аяқтап, инженер-металлург, 2007 жылы Қазақ құрылыс және бағалау академиясын бітіріп, сарапшы-бағалаушы мамандықтарын алған. Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2010 жылдың мамыр айынан Балқаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады. 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», 2005 жылы «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған. 

  Жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі

Аты жөні

Лауазымы

Қабылдау күні

Мекен жайы

Жұмыс телефоны

Смағұлов Сайран Сейткемелұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15-00- ден 17-00-ге дейін және жұма күні сағат 10-00- ден 12-00-ге дейін

Қонаев к-і, 64

2-қабат, жұмыс бөлмесі

9-13-09

 

Балқаш ауданы әкімінің орынбасары

Дәрібаев Бауыржан Темірғалиұлы– 1977 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Қарой ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 200 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін аяқтап, ветеринария дәрігері мамандығын алған. Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2014 жылдың наурыз айынан 2017 жылдың желтоқсан айына дейінБалқаш аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысықызметін атқарды. 2017 жылдың желтоқсан айына бастап бүгінгі күнге дейін Балқаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.

 

Жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі 

Аты жөні

Лауазымы

Қабылдау күні

Мекен жайы

Жұмыс телефоны

Дәрібаев Бауыржан Темірғалиұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Әр аптаның сәрсенбі күні сағат 10-00- ден 12-00-ге дейін және жұма күні сағат 15-00- ден 17-00-ге дейін

Қонаев к-і, 64

2-қабат, жұмыс бөлмесі

9-13-41

 

 

Балқаш ауданы әкімінің аппарат басшысы 

Ақылбеков Қанат Ақылбекұлы – 1960 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы энергетикалық институтын 1982 жылы аяқтап, инженер-электрик мамандығын алған, Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2010 жылдың қараша айынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін Балқаш ауданы әкімінің орынбасары, . 2018 жылдың желтоқсанынан бастап Балқаш ауданы әкімінің аппарат басшысы. 2005 жылы «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған.   

 

 

 

   Жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі

 Аты жөні

 Лауазымы

 Қабылдау күні

Мекен жайы

Жұмыс телефоны

Ақылбеков Қанат Ақылбекұлы

Аудан әкімінің аппарат басшысы

Әр аптаның сейсенбі күні сағат 10-00- ден 12-00-ге дейін және бейсенбі күні сағат 15-00- ден 17-00-ге дейін

Қонаев к-і, 64

2-қабат, жұмыс бөлмесі

9-16-30


 

Балқаш ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлім басшысы 

Болатов Марат Билібайұлы – 1960 жылы 26 шілдеде Шелек ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Бақанас орта мектепті бітірген. 1987 жылы Өскемен жол құрылыс институтын бітірген. Еңбек жолын: 1977 жылдың 23 тамызынан бастап 1978 жылдың 11 желтоқсанынан дейін 1-ші дәрежелі жұмысшы, 2-ші дәрежелі ағаш шебері ПМК-88 болды. 1978-1986 жылдар аралығында Боролдай АТК- ның 3-санатты жүргізушісі, 2-ші санатты жүргізуші.1986-1993 жылдар аралығында Балқаш аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің инженер-технолог, аға инженер, жетекші инженері болды. 1993-1998 жылдар аралығында Бақанас жолаушылар автотранспорт мекемесінің бастығы, «Бақанас -Тұлпар» ашық акционерлік қоғамының президенті болды. 1998-1999 жылдар аралығында Балқаш аудандық ауылшаруашылық өндірісшілер ассоцацияның президенті болып қызмет атқарды. 1999-2000 жылдар аралығында Балқаш аудандық ауылшаруашылық департаментінің бас маманы болды. 2000-2007 жылдар аралығында «Дархан» шаруа қожалығының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2007-2013 жылдары Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болды. 2013-2017 жылдары аралығында Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болды. 2017-2019 жылдары аралығында Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды. 2019 жылдың қаңтар айымен қыркүйек айы аралығында Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы болды. 2019 жылдың 06 қыркүйегінен бастап Балқаш ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің басшысы .

 Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс тел.

1. Жалпы бөлім

Болатов Марат Билібайұлы

Балқаш ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің басшысы

91037

87089083939

Бертилеу Айдос Бертилеуұлы

Бас маман

95360

87775295522

Рыскелдина Ғалия Есболатовна  

Бас маманы

95323

87714609596

Мырзағали Есбол Нұрболұлы

Бас маман

95360

87084323436

Тілеужанова Дариға Құрманбековна

Бас маман-есепші

91442

87772076266

Балқаш ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы  

Қамзаев Әсембек Күмісбекұлы – 1983 жылы  Алматы облысы Күрті ауданы Желтораңғы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2004 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетін аяқтап, заңгер мамандығын алған. Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2010 жылдың мамыр айынан Балқаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және кадрмен жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

 

 

  

 

Балқаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы 

 Рақышев Нұрланбек Рахатұлы – 1970 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1994 жылы ауылшаруашылық институтының аяқтап, Басқару және экономика мамандығын алған. Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 1996-2016 жылдары "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқарған.  2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Балқаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы. 



 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі

Байқуатова Эльмира Төлендіқызы 15 қараша 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1994 жылы № 1 Бақанас орта мектебін бітірді. 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетін мал шаруашылығының менеджері, 2005 жылы Д.А.Қонаев ат. Университетін маман-заңгер мамандықтары бойынша оқып бітірді. 2000 жылы Бақанас ауылдық округі әкімі аппаратына ветеринариялық қадағалау инспекторы лауазымы бойынша жұмысқа кіріп, бас маман, ауылдық округ әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2018 жылы Балқаш ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы, Ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық, АХАТ және ішкі бақылау бөлімінің бас маманы, 2018 жылдың қараша айынан бастап Балқаш ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы. Жанұялы, отбасында 4 баласы бар.

 

Толығырақ...

Карта сайта