Міндеті мен мақсаты

 

Функциялары мен негізгі міндеттері:


           Аудан әкімінің аппараты Заңдарға сәйкес төмендегі функцияларды жүзеге асырады.

          - аудан әкімінің ақпараттық – талдау, құқықтық, ұйымдастыру, консультативтік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтері;

          - алқа мәжілісінде қаралатын мәселелер мен материалдарды зерделеу;

          - алқа мәжілісі күн тәртібінің жобасын дайындау;

          - бөлімдер, басқармалар мен комитеттер дайындаған әкім, алқа шешімдері мен өкімдерінің жобаларын сараптау;

          - алқа мәжілісінде қабылдаған шешімдерді басып шығару;

          - алқа мәжілісінде талқылаған кезде келіспеушіліктер пайда болып, оларды жою жөнінде тапсырма берілген жағдайда алқа қаулыларының жобаларын қайта дайындауға қатысу;

          - Қазақстан Республикасының Президенті, Үкімет актілерінің, әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы аудан әкімін үнемі хабардар етіп отыру;

          - ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту шараларының орындалуы туралы аудан әкімін ай сайын хабардар етіп отыру;

          - Президент, Үкімет актілерінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылауды жүеге асыру;

          - әкімге және оның орынбасарларына ауданның жағдайы мен әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын материалдар дайындау;

          - аудан әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын қамтамасыз ету;

          - әкімнің құқықтық қамтамасыз ету және басқа мәселелерді шешу қызметтеріне қатысу;

          - Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтау, бір жүзеге келтіру және кодификациялау;

          - мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік бос лауазымдарға кадрларды конкурстық іріктеуді, мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауын қамтамасыз ету, кадрлардың құрамындағы өзгерістер мен тенденцияларды қадағалап отыру, аттестация мен біліктілік курстарында кадрларды оқытуды, қайта дайындауды ұйымдастыру;

          - Қазақстан Республикасы Президентінің және жергілікті атқарушы органдарының сайлауын ұйымдастыруда сондай-ақ, материалдық – техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуде көмек көрсету бүкіл халықтық референдумдар өткізу;

          - аудан әкімінің қызметін құжаттармен қамтамасыз ету және оны жүзеге асыру үшін қызмет көрсету, іс қағаздарын жүргізу;

          - іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді кезең-кезеңмен енгізу;

          - қызмет бабындағы құжаттарды қарау;

          - азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

          - азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

          - аудан әкімінің аппаратында Заңмен жүктелген басқа функциялар.

 

 

Негізгі міндеттері:


  - Балқаш ауданы әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық, консультативтік және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету;

         - мемлекеттік органдардың аудан әкімінің актілерін әзірлеу және орындау процесіндегі қызметін үйлестіру;

         - аудан әкімі шешімдерінің жобаларын келісу және олардың орындалу мерзімін бақылау.

 

Карта сайта