Ереже Аппарат

 

 

                                           1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. 1.  «Балқаш  ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің және әкімінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық,   ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
  2. 2.  «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.  
  3. 3.  «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесі          ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесі      азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 040300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, № 64.

10. Мемлекеттiк органның толық атауы – «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесi.

11. Осы Ереже «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

         Егер «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

               2-тарау. « Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік  

                 мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары,  

                                       құқықтары мен мiндеттерi

 

14. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан әкімдігінің және әкiмнiң қызметiн қамтамасыз ету.

15. Мiндеттерi: аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

  1. 16.  Функциялары:

1) аудан әкімдігінің тоқсан сайынғы жұмыс жоспарын дайындау;

2) аудан әкімдігі мен аудан әкімінің актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;

3) аудан әкімдігінің отырысына материалдарды дайындау;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі мен Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының, әкімдік қаулылары мен хаттамалық тапсырмаларының, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы облыс әкімін, аудан әкімін жүйелі түрде хабардар етіп отыру, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

6) аудан әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін әкімдік отырыстарын, сондай-ақ басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

7) аудан әкімі және оның орынбасарлары үшін ауданның         әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайын сипаттайтын материалдар дайындау;

8) аудан әкімдігі және әкіммен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің есебін, мониторингін, жүйеленуін және бақылау даналарын жүргізу;

9) кәсiптiк даярлық деңгейiн айқындау мақсатында аудан әкімі тағайындайтын лауазымдар тізбесіне кіретін кадр құрамына талдау жүргізу;

10) кадрларды оқытуды ұйымдастыру;

11) қызметтік құжаттарды қарау;

12) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

13) іс-жүргізу, әкімдікке келіп түскен хат-хабарларды өңдеу;

14) атқарушы органдармен бірлесе отырып, әкімдік отырыстарында қарау үшін мәселелер дайындау;

15) ауданның жергілікті атқарушы органдарының және ауылдық округтер әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметкерлерінің қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жұмыстарды үйлестіру;

16) мемлекеттік сатып алуды жүргізу және ұйымдастыру;

17) азаматтық хал актілерін тіркеумен байланысты жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру;

18) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

19) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

20) өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимыл саласы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

21) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

22) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және қолжетімділігін жоғарлатуды қамтамасыз ету;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;

24) өз құзыреті шегінде ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

25) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

26) өз  құзыреті   шегінде  Қазақстан  Республикасының заңнамасымен көзделген мақсаты бойынша пайдаланылмаған, игерілмеген және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою;

27) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

2) Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі мен әкімнің актілерінің орындалуына тексерулерді тұрақты негізде жүргізуге, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау;

3) әкімдіктің отырыстарына, алқаларына, жергілікті атқарушы органдардың жиналыстарына қатысу;

4) аудан әкімінің қарауына және аудан әкімдігінің отырыстарына енгізілетін сұрақтарды дайындау үшін аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін қатысуға тарту;

5) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

6) Балқаш ауданы әкімдігі және аудан әкімі аппараты атынан сотта талапкер және жауапкер болу;

7) «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

 

 

3-тарау. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесі қызметiн ұйымдастыру

 

18. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

19. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасарлары жоқ.

21. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкiлеттiгi:

1) «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және жалпы басшылықты жүзеге асырады;

2) аудан әкімімен тағайындалатын лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізеді;

3) аудан әкімдігінің және әкімнің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;

4)  өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және қызметтік құжаттарға қол қояды;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын аппарат қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

6) «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

7) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі мен қаражатына билік етеді;

8) шарттар мен келісімдер жасайды, есептік құжаттарға қол қояды, сенімхаттар береді;

9) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.



               4-тарау. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік      

                                               мекемесінің мүлкi

 

23. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

           «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

24. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
 

                  5-тарау. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік  

                              мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

26. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Карта сайта