Балқаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Балқаш аудандық

мәслихатының кейбір

шешімдерінің күші жойылды

деп тану туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» 2018 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Балқаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Қашқынбаев Марат Нұрманұлына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.   

 

 

          Аудандық мәслихаттың                                        Аудандық мәслихаттың               сессия төрағасы                                                      хатшысы                               

           ______________________                                  ___________________

                                 Ө. Исабаев                                                                      К. Омаров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балқаш аудандық мәслихатының

2018   жылғы «___» ____________

№                         шешіміне қосымша

 

 

Балқаш аудандық мәслихатының

күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдердің тізбесі

        

      1  Балқаш  аудандық  мәслихатының 2016  жылғы  20 желтоқсандағы  «Балқаш ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 13-54  шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4051 тіркелген, 2017 жылғы 7 қаңтар  № 02 «Балқаш өңірі» газетінде жарияланған). 

     2. Балқаш  аудандық  мәслихатының 2017 жылғы 1 наурыз  «Балқаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы  20 желтоқсандағы «Балқаш ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 13-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы  № 15-70  шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4129 тіркелген, 2017 жылғы 25 наурыз № 13 «Балқаш өңірі» газетінде жарияланған).

     3. Балқаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 маусым  «Балқаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы  20 желтоқсандағы «Балқаш ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 13-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы  № 18-84  шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4239 тіркелген, 2017 жылғы 24 маусым № 26 «Балқаш өңірі» газетінде жарияланған).

     4. Балқаш  аудандық  мәслихатының 2017 жылғы 14 тамыз  «Балқаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы  20 желтоқсандағы «Балқаш ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 13-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы  № 21-97  шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4304 тіркелген, 2017 жылғы 2 қыркүйек № 36 «Балқаш өңірі» газетінде жарияланған).

      5. Балқаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы  2 қараша   «Балқаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы  20 желтоқсандағы «Балқаш ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 13-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы  № 23-103  шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4374 тіркелген, 2017 жылғы 1 желтоқсан № 49 «Балқаш өңірі» газетінде жарияланған). 

         6. Балқаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы    8 желтоқсан   «Балқаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы  20 желтоқсандағы «Балқаш ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 13-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы  № 25-112  шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4430 тіркелген, 2017 жылғы 25 желтоқсан № 52 «Балқаш өңірі» газетінде жарияланған).                     

Балқаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Балқаш ауданының ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 26-119 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Балқаш аудандық мәслихатының

2017 жылғы 26 желтоқсандағы

«Балқаш ауданының ауылдық

округтерінің 2018-2020 жылдарға

арналған бюджеттері туралы»

№ 26-119 шешіміне өзгерістер

енгізу туралы  

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Толығырақ...

Балқаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Балқаш ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 25-115 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Балқаш аудандық мәслихатының

2017 жылғы 25 желтоқсандағы

«Балқаш ауданының 2018-2020

жылдарға арналған бюджеті

туралы» № 25-115 шешіміне

өзгерістер енгізу туралы   

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Толығырақ...

Балқаш аудандық мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының
2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығына
2-қосымша

 

 

Балқаш аудандық мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.

Толығырақ...

Балқаш ауданы ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы

Балқаш ауданы ауылдық

округтерінің 2018-2020

жылдарға арналған бюджеті

туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің   9-1 бабының  2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Қазақстан  Республикасы  Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

Толығырақ...

Балқаш ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы

Балқаш ауданының 2018-2020

жылдарға арналған бюджеті

туралы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің   9-бабының  2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Қазақстан  Республикасы  Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Толығырақ...

«Балқаш ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралыу»

«Балқаш ауданында мүгедектер

қатарындағы кемтар балаларды

жеке оқыту жоспары бойынша

үйде оқытуға жұмсаған

шығындарын өндіріп алу

мөлшерін және тәртібін айқындау

туралыу»

 

 

 

Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық -педогогикалық түзеу арқылы қолдау туралы 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабының 4) тармақшасына және «Әлеуметтік – еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата – аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын

2. Келесі тәртіп айқындалсын:

1) оқуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;

2) оқуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата – анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;

3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды ұсынады:

 

 

 

өтініш, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек

 

 

2

балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»мемлекеттік көрсетілетін қызметстандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;

алушының жеке басын куәландыратын құжат;

тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);

психологиялық – медициналық – педогогикалық консультатцияның қорытындысы;

Медициналық -әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

банктегі шоттың болуы туралы құжат;

Стандарттың 2 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы;

4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және көрсетілген кезеңге тоқсан сайын төленеді.

5) алғашқы тағайындалған жағдайда оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берген күннен бастап төленеді.

3. Балқаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы «Балқаш ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2956 тіркелген, «Балқаш өңірі» газетінде 2014 жылдың 13 желтоқсанында № 49 (7529) жарияланған) № 39-168 шешімнің күші жойылды деп танылсын.

4. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Баймантаев Асхат Тынышбекұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет – ресурста және аудандық мәслихаттың интернет – ресурстарында жариялау жүктелсін.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының «Жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, мәдениет, білім, заңдылық, денсаулық сақтау және экология жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы хатшысы

М. Нұрман К. Омаров

 

Балқаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Балқаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Қашкынбаев Марат Нұрманұлына жүктелсін.

3. Ос шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап, күшне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың

сессия төрағасы хатшысы

Мақсат Нұрман Омаров Кәдірбек . Маратұлы Тынышбалаұлы

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

Балқаш аудандық мәслихатының

2017 жылғы «5» шілде

№ 19-89 шешіміне қосымша

 

 

 

Күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдердің тізбесі

 

 

1. Балқаш ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 50-212 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3656 тіркелген, 2016 жылдың 9 қаңтарында №2 «Балқаш өңірі» газетінде жарияланған);

2). Балқаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Балқаш ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 50-212 шешіміне өзгерістер енгізу туралы № 52-220 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 тіркелген, 2016 жылдың 24 ақпанында №9 «Балқаш өңірі» газетінде жарияланған);

3). Балқаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Балқаш ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 50-212 шешіміне өзгерістер енгізу туралы № 2-10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тзілімінде № 3771 тіркелген, 2016 жылдың 30 сәуірдегі №18 «Балқаш өңірі» газетінде жарияланған);

4). Балқаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Балқаш ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 50-212 шешіміне өзгерістер енгізу туралы № 4-26 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3864 тіркелген, 2016 жылдың 14 маусымдағы №23 «Балқаш өңірі» газетінде жарияланған);

5). Балқаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Балқаш ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 50-212 шешіміне өзгерістер енгізу туралы № 8-40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3914 тіркелген, 2016 жылдың 6 тамыздағы № 32 «Балқаш өңірі» газетінде жарияланған);

6). Балқаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Балқаш ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 50-212 шешіміне өзгерістер енгізу туралы № 11-49 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4003 тіркелген, 2016 жылдың 26 қарашадағы № 48 «Балқаш өңірі» газетінде жарияланған).

 

Балқаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 сәуірдегі «Балқаш аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 17-81 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 тіркелген) сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Балқаш аудандық мәслихатының «Балқаш аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік  қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 17-81 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4206 тіркелген, 2017 жылдың 27 мамырда «Балқаш өңірі» газетінде жарияланған)  шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Балқаш аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:

17,18 тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:                                                          

«17. Көтермелеу балдары осы Әдістеменің 1-1 қосымшасына  сәйкес ағымдағы жұмыстын орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері,     сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі қызмет түрлері атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігінің өсу тәртібімен «+1»-ден «+5» балға дейін бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылған. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші немесе түрі үшін осы Әдістеменің 1-1 қосымшасына сәйкес «Б» корпусының қызметшісіне тікелей басшымен балл қойылады»;

осы шешімнің қосымшасына сәйкес 1-1-қосымшасымен толықтырылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихат аппаратының басшысы Кашкинбаев Марат Нурмановичке жүктелсін.
  2. 2.                Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Балқаш аудандық мәслихатының             Балқаш аудандық мәслихатының

сессия төрағасы                                              хатшысы

______________М.  Нурман                     __________ К. Омаров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балқаш аудандық мәслихатының «5» шілде  2017 жылғы

№ 19-88 шешіміне қосымша

 

 

Балқаш аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне                 1-1-қосымша

 

 

Балқаш аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің көтермеленетін көрсеткіштері мен қызмет түрлері үшін балл шәкілдері

 

 

Балдар

Көтермеленетін көрсеткіштері мен  қызмет түрлері

5 балл

 

Аудандық мәслихат сессияларына, аудан әкімдігінің, аудандық қоғамдық кеңестің, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарына материалдарды дайындау 

Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына уақтылы түзетулер жүргізу

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингін жүргізу

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бір көзден тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүргізу

Қаржы-шаруашылық қызметтің жиынтық жоспарын, бюджеттік жоспарды, қаржыландырудың жеке жоспарларын құру, бекіту, орындау

Аттестациялық, конкурстық, тәртіптік және бағалау комиссиясының қызметін сапалы ұйымдастыру

Аудандық мәслихат хатшысының және жоғары тұрған  мемлекеттік органдардың шұғыл және ауқымды тапсырмаларын  уақтылы және сапалы орындау

4 балл

 

Аудандық мәслихаттың және тұрақты комиссияларының қызметі туралы баяндамалар,  мақалалар, жарияланымдар мен ақпараттар дайындау

Мұрағатқа құжаттарды сапалы өңдеу және өткізу

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, өзге де жергілікті өзін - өзі басқару органдары мүшелерінің, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізуді ұйымдастыруға келісім бойынша қатысу

3  балл

 

Қосымша зерделеуді және тексеруді талап ететін өтініштерді қарау

Сот актілерін  шығару барысында  талап-арыз қызметін мәслихаттың пайдасына жүзеге асыру

Оқытуға жататын мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерін  оқытуды толық қамтуды қамтамасыз ету

Түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу

2 балл

 

Уақытша жоқ мемлекеттік қызметшінің міндеттерін орындау және лауазымдарды қоса атқару (10 жұмыс күннен кем емес)

Тәлімгерлік қызметті жүзеге асыру

Алдын ала жоспарланбаған және шұғыл жұмыстарды орындау

Ақпараттық құжаттарды аудандық мәслихаттың        интернет-сайтына және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды  уақытылы қамтамасыз ету

1 балл

Ұжымның қоғамдық өміріне қатысу (спорттық және мәдени шаралары)

Аудандық мәслихаттың атынан құттықтау, алғыс хаттарының мәтіндерін әзірлеу

Аудандық мәслихаттың сессияларында, тұрақты комиссиялар отырыстарында және аппарат өткізген іс-шараларда бейне және фото түсіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Балқаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 сәуірдегі «Балқаш аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 17-81 шешіміне  салыстырмалы кесте

 

Балқаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 сәуірдегі «Балқаш аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 17-81 шешімі 

Балқаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 сәуірдегі «Балқаш аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 17-81 шешіміне   өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

17. Көтермелеу балдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/ немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

 

18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шәкілге сәйкес «+1»-ден «+5» балға дейін иеленеді.

 

 

 

 

 17,  18-тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:                                                          

«17. Көтермелеу балдары осы Әдістеменің 1-1-қосымшасына сәйкес ағымдағы жұмыстын орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері,     сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі қызмет түрлері атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігінің өсу тәртібімен «+1»-ден «+5» балға дейін бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылған. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші немесе түрі үшін осы Әдістеменің 1-1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының қызметшісіне тікелей басшымен балл қойылады»;

осы шешімнің қосымшасына сәйкес 1-1-қосымшасымен толықтырылсын.

Балдар

Көтермеленетін көрсеткіштері мен  қызмет түрлері

5 балл

 

Аудандық мәслихат сессияларына, аудан әкімдігінің, аудандық қоғамдық кеңестің, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарына материалдарды дайындау 

 

Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына уақтылы түзетулер жүргізу

 

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингін жүргізу

 

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бір көзден тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүргізу

 

Қаржы-шаруашылық қызметтің жиынтық жоспарын, бюджеттік жоспарды, қаржыландырудың жеке жоспарларын құру, бекіту, орындау

 

Аттестациялық, конкурстық, тәртіптік және бағалау комиссиясының қызметін сапалы ұйымдастыру

 

Аудандық мәслихат хатшысының және жоғары тұрған  мемлекеттік органдардың шұғыл және ауқымды тапсырмаларын  уақтылы және сапалы орындау

4 балл

 

Аудандық мәслихаттың және тұрақты комиссияларының қызметі туралы баяндамалар,  мақалалар, жарияланымдар мен ақпараттар дайындау

 

Мұрағатқа құжаттарды сапалы өңдеу және өткізу

 

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, өзге де жергілікті өзін - өзі басқару органдары мүшелерінің, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізуді ұйымдастыруға келісім бойынша қатысу

3  балл

 

Қосымша зерделеуді және тексеруді талап ететін өтініштерді қарау

 

Сот актілерін  шығару барысында  талап-арыз қызметін мәслихаттың пайдасына жүзеге асыру

 

Оқытуға жататын мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерін  оқытуды толық қамтуды қамтамасыз ету

 

Түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу

2 балл

 

Уақытша жоқ мемлекеттік қызметшінің міндеттерін орындау және лауазымдарды қоса атқару (10 жұмыс күннен кем емес)

 

Тәлімгерлік қызметті жүзеге асыру

 

Алдын ала жоспарланбаған және шұғыл жұмыстарды орындау

 

Ақпараттық құжаттарды аудандық мәслихаттың        интернет-сайтына және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды  уақытылы қамтамасыз ету

1 балл

Ұжымның қоғамдық өміріне қатысу (спорттық және мәдени шаралары)

 

Аудандық мәслихаттың атынан құттықтау, алғыс хаттарының мәтіндерін әзірлеу

 

Аудандық мәслихаттың сессияларында, тұрақты комиссиялар отырыстарында және аппарат өткізген іс-шараларда бейне және фото түсіру

 

Толығырақ...

Тағы мақалалар...

  1. Балқаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі Балқаш аудандық мәслихатының 2015 жылы 22 желтоқсандағы «Балқаш ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 50-212 шешіміне өзгерістер енгізу туралы №8-40 шешімі
  2. Балқаш аудандық мәслихатының 2015 жылы 22 желтоқсандағы «Балқаш ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 50-212 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  3. Балқаш аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
  4. Балқаш аудандық мәслихатының 2016 жылы 18 мамырдағы «Балқаш ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 4-26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  5. Балқаш ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Карта сайта