Фермер немесе шаруа қожалығы мүшелерінің құқықтарын тіркеу

ҚР «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» Заңына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығы ерікті негізде құрылады және жер учаскесіне құқық мемлекеттік тіркелген кезден бастап, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларда, дара кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін құрылды деп есептеледі.

 

Бірлескен кәсіпкерлікке негізделген шаруа немесе фермер қожалығын тіркеген кезде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік шаруа немесе фермер қожалығының басшысына беріледі. Куәлікке салық органының тиісті аумақтық бөлімшесінің басшысы куәландырған шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің тізімі қоса беріледі.

ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы»  Заңының 50 б. сәйкес шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу кезінде жер учаскесін құқық белгілейтін құжатта ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, оратқ бірлескен меншік құқығында фермерлік және шаруа қожалығы мүшелеріне жататын осындай шаруашылықтық барлық мүшелерін көрсетілуі тиіс.

Осындай құжаттар болып  жергілікті орындаушы органдар ұсынлатын құжаттар болуы мүмкін (жер учаскесін ұсыну туралы әкімнің шешімі, жер учаскесін ұсыну туралы әкімнің қаумен, жер учаскесінің жалға беру келісім шарты).

Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің құрамы өзгерген кезде, оның ішінде мұраға қалдыруға, шығуға, жаңа мүшелердің қосылуына байланысты шаруа немесе фермер қожалығының жаңа мүшелерінде жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауы және (немесе) үлестер мөлшерінің өзгеруі құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелуге тиіс.

 

 

Амирханов М. А.

Салық төлеушілермен

 жұмыс бөлімінің бас маманы

 

Карта сайта