Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың зардаптарын жою

 

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде саяси дамуына қарамастан қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлі де бар және олардың тек ауқымымен ғана ерекшеленеді.

 

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 қаңтардағы № 534 Жарлығына сәйкес сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес жүйелі және кешенді сипат алды. Мәселен, орталық мемлекеттік органдардың функцияларының бір бөлігін өңірлерге және жекеше секторға кезең-кезеңмен бере отырып, олардың функцияларын біртіндеп орталықтан алу жүзеге асырылуда, монополия саласы қысқартылуда және мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасалуда, халыққа қызмет көрсету кезінде "жалғыз терезе" қағидаты енгізіліп отыр. Мемлекеттік қызметшілерді конкурстық іріктеу рәсімдерінің айқындылығы мен объективтілігі, олардың мәртебесіне байланысты шектеулерді сақтау қамтамасыз етілген, іскерлік қабілеті мен кәсібилігіне негізделген қабылдау және ілгерілету қағидаттары енгізілуде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі бекітілді.

2005 жылғы 8 шілдеде "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасаған тұлғаларды мемлекеттік қызметке алуға тыйым салатын нормалар көзделген, саяси мемлекеттік қызметшілерді ротациялау институты енгізілген, ол халыққа және ұйымдарға тікелей мемлекеттік қызметтер көрсету деңгейінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы ретінде қызмет етеді. Сыбайлас жемқорлықтың көзі - "көлеңкелі экономикаға" қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеген "Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың ауқымын қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары" бағдарламасын қабылдады.

Амирханов М. А.

Салық төлеушілермен

 жұмыс бөлімінің бас маманы

Карта сайта