Жемқорлыққа қарсы шаралар жалғасуда

Қазіргі кезде Қаржы Министрлігінің Салық комитеті салық қызметі органдарында жемқорлықпен күрес стратегиясын дайындады. Осыған байланысты құжатта көрсетілген басым міндеттерді орындау мақсатында, нақтырақ айтқанда салық қатынастарының барлық салалары бойынша жемқорлықты болдырмаудың нақты шаралары белгіленді және жүзеге асырылатын болады.

 

            Жемқорлыққа жол бермеу, оған бой алдырмау, түптеп келгенде салық қызметкерлерінің өз ісіне, өз міндетіне деген жауапкершілігіне адалдығы мен тәртіптілігіне тікелей байланысты. Бұл жөнінде Елбасы «Нұр Отан» партиясының 12 съезінде сөйлеген сөзінде атап көрсеткен болатын.

            Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында қылмыспен және жемқорлықпен күресуді күшейтуді құқық қорғау қызметін алдағы уақытта жетілдірудің қосымша шаралары туралы» Жарлығы салық басқармасында жан – жақты талқыланды. Ондағы мақсат  салық қызметкерлеріне Елбасы жарлығының негізгіережелерін түсіндіру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Елбасымыз «Жалпы ұлттық» міндет деп жариялауы баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейді.

 

Амирханов М. А.

Салық төлеушілермен

 жұмыс бөлімінің бас маманы

 

 

Карта сайта