Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың зардаптарын жою

Заңсыз алынған мүлiктi немесе заңсыз көрсетiлген қызметтiң құнын өндiрiп алу:

- Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдар немесе соларға теңестiрiлген адамдар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде негiзсiз байыған жағдайлардың бәрiнде заңсыз алынған мүлiк мемлекет кiрiсiне жатқызылуға ал заңсыз көрсетiлген қызмет құны мемлекет кiрiсiне өндiрiлiп алынуға тиiс.

 

- Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызмет құнын төлеуден бас тартылған жағдайда прокурордың, салық қызметiнiң не оған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талабы бойынша соттың шешiмiмен мемлекеттiң кiрiсiне өндiрiп алу жүзеге асырылады. Аталған органдар құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкке сот шешiм шығарғанға дейiн тыйым салады.

- Егер мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адам немесе оған теңестiрiлген адам жасалған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылығы үшiн қызметiнен босатылғаннан, тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей босатылғаннан кейiн негiзсiз байыған жағдайлардың бәрiнде заңсыз алынған мүлiктерді мемлекет кiрiсiне жатқызуды орындаудан бас тартса, мұндай босату туралы шешiм қабылдаған лауазымды адам немесе орган кiнәлi адамның тұрғылықты жерi бойынша салық органына заңсыз алынған кiрiстер туралы хабарлама жiбередi.

Амирханов М. А.

Салық төлеушілермен

 жұмыс бөлімінің бас маманы

 

Карта сайта