Бірыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн салық декларациясын табыс ету мерзiмдерi

Бірыңғайжерсалығынтөлеушілергеарналғандекларацияда бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.

 

Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

 

 

Амирханов М. А.

Салық төлеушілермен

 жұмыс бөлімінің бас маманы

 

 

Карта сайта