Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін төлеу мерзімдері

1. Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:

 

1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы төлеу  ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей;

2) салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген соманы төлеу  есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.

2. Әлеуметтік салықты және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

 

 

Амирханов М. А.

Салық төлеушілермен

 жұмыс бөлімінің бас маманы

 

Карта сайта