Құрметті Балқаш ауданының тұғындары назарына !

Қыс мезгілінің басталуы себебінен ауарайының күрт өзгеруі, күннің суытуы, қысқы апаттардың көбею жағдайлары, қар көшкінінің жүруі әсерінен жолдың толықтай  көрінбеуі,  қарлы боранның болуы (бұрқасын), ауа температурасы -10°С-қа дейі жету, қатты желдің соғуы мен даланың тұмандануы және мұзды тайғақтың болуына байланысты жол көліктерінің жолда жинақталып қалып қоюына әкеліп соғуы жағдайлары бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында сіздерге төмендегі мәліметтерге назар аударуларыңызды сұраймыз!

Жоғарыда аталған табиғи апаттардың туындауына ескерту хабарламасы жасалғандығына қарамастан кейбір жерлерде алыс жерлерге жол жүру жоспарларын жүзеге асырып жатады. Осы жағдайлардың нәтижесінде азаматтар, отбасы мүшелері, балаларымен жолда қалып қою немесе басқа да төтенше жағдайларға ұшырау әсерінен әр-түрлі қауіп төну жағдайларын бастан өткеріп жатады. Осы себепті төтенше жағдайлардың туындағаны туралы Балқаш ауданы  тұрғындарына уақытылы ақпараттандыру және құлақтандыру үшін қосымша құрал пайдалану шеңберінде смортфондарға арналған «DARMEN» мобильді қосымшасын, отбасы мүшелері арасында орнатуларыңызды және қолдануларыңызды сұраймыз!

Барлық төтенше жағдайлар  туралы мәліметтерді «101» немесе «112» байланысы бойынша хабарлауларыңызға болатындығын еске саламыз.

 

 

 

ТЖБ инженері

азаматтық қорғау лейтенанты                            А.Ж. Байділданова

 

Карта сайта