«Балқаш ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» MM

 

 

                                      

                                            Мұсаев Нұрағали Базарбекұлы

 

Балқаш ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі 

Адрес: 040300, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас с-сы, Д.А. Қонаев к-сі, №68.
Телефон: 8 (72773) 91261, 79027
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  

Аты-жөні

Қызметі

Қабылдау күні

Қабылдау уақыты

Телефон

1

Мұсаев Нұрғали Базарбекұлы

Бөлім басшысы

Дүйсенбі-Бейсенбі

10.00-17.00

91-2-61

2

Қожабек Асқар Мұқанғалиұлы

Бас маман

Дүйсенбі-Бейсенбі

10.00-17.00

91-2-61

3

Искаков Марс Рустемович

Бас маман

Дүйсенбі-Бейсенбі

10.00-17.00

91-2-61

 

 

 

Кажетті құжаттар

Қызмет көрсету мерзімі

Қызмет құны және төлеу тәртібі

Қызмет көрсету нәтижесі

1

Сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын алу

 

  1. нысан бойынша өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
  3. техникалық жағдайдың көшірмесі;
  4. тапсырыс беруші бекіткен, жобалаушыны қол қойған және оның мөрімен расталғанжобалауға арналған тапсырманың көшірмесі;
  5. жергілікті атқарушы органныңқолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің көшірмесі;
  6. нобайлық жоба.

 

құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 6 жұмыс күн

нақты объектілер үшін – 15 жұмыс күн

реконструкциялау жобасын әзірлеуге – 3 жұмыс күн

 

ТЕГІН

 

 

 

Қағаз жеткізгіште тіркеу кодын көрсете отырып, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған (егер оларды алу қажет болса) сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттары бар анықтама.

 

 

2

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беруэлектрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 

 

 

Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) порталға:

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

мемлекеттік корпорацияға:

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай (алдын-ала) беру бойынша анықтама алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

жер учаскесін құрылыс мақсаттарына ұсыну туралы жергілікті ақтарушы органның шешімі немесе төменде көрсетілген құжаттардың бірі:

сәйкестендіру құжаты;

алдын-ала шарт;

үлестік қатысу шарты.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәлеметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

 

) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
порталға:
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихсыз нақтылау бойынша анықтама беру – 15 (он бес) минут;
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихымен нақтылау бойынша анықтама беру («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы мұрағаттық мәліметтер болмаған кезде) – 3 (үш) жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорацияға:

жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихсыз нақтылау бойынша анықтама беру – 15 (он бес) минут;

жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихымен нақтылау бойынша анықтама беру («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы мұрағаттық мәліметтер болмаған кезде) – 3 (үш) жұмыс күні;

жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру – 7 (жеті) жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.

 

ТЕГІН

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз түрінде алуға өтініш білдірген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде рәсімделеді, басып шығарылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

 

3

«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» 

 

  1. осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. эскиз (эскиздік жоба);
  3. сәулет-жоспарлау тапсырмасының көшірмесі;
  4. жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін).

 

1) Өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.

Өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тапсыру үшін жол берілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;

3) жол берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.

 

 

ТЕГІН

Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу.

4

Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру

 

 

  1. Қосымшада берілген нысан бойынша өтініш;
  2. Жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi;
  3. Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының көшірмесімен қоса, құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және жер учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;
  4. Жылжымайтын мүлiк нысанына ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы анықтама;
  5. Меншік иесінің үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);
  6. Тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж, келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
  7. Үйлерді (ғимараттарды) қайта бейіндеу жоспарланып отырған аумақта әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат үйін (ғимаратына) қайта бейіндеуге (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.

 

30  күнтізбелік күні

ТЕГІН

 

Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім немесе көрсетілетін қызметті берушінің 10-тармағындакөзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

           

Карта сайта