«Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» MM

Өмірбаев Алпысбай Жандосұлы

 

Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі
Адрес: 040300, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас с-сы, Д.А. Қонаев к-сі, №72.
Телефон: 8 (72773) 91140, 91803
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
 

Аты-жөні

Қызметі

Қабылдау күні

Қабылдау уақыты

Телефон

1

Өмірбаев Алпысбай Жандосұлы

Бөлім басшысы

Дүйсенбі-Жұма

09.00-17.30

91-1-40

2

Жексенбеков Бауыржан

Сектор меңгерушісі

Дүйсенбі-Жұма

09.00-17.30

91-8-03

3

Молдашбаев Ұлан Молдашбайұлы

Бас маман

Дүйсенбі-Жұма

09.00-17.30

95-3-98

4

Нұрлыбаева Перизат

Бас маман

Дүйсенбі-Жұма

09.00-17.30

95-3-98

 

"Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ 

1.     Жалпы ережелер 

1. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі, экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру, дамыту және ауданды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 

4. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 

  5. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
         6. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 
         7. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Балқаш ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 

8. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Д.Қонаев көшесі, № 75.

10. Органның толық атауы - " Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. 
      12. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 
      13. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: 
      экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту және ауданды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер.
      15. Міндеттері: 
      1) ауданды дамыту бағдарламасын әзірлеу; 
      2) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жыл сайынғы әзірлеу; 
      3) ауданның бюджетін облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жоспарлы кезеңге әзірлеу.
      16. Функциялары: 
      1) ауданды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау;
      2) ауданды дамыту бағдарламасын мониторингтеуді жүргізу; 
      3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын дайындау және нақтылау;
      4) жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып болжау;
      5) аудан бюджетін бекіту және нақтылау жобаларын дайындап, ауданның бюджет комиссиясының қарауына жіберу; 
      6) аудандық бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы аудан әкімдігінің қаулысының жобасын дайындау;
      7) бюджеттік өтінімдерді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарау;
      8) ауданның бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері мен бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытындыларын бюджет комиссиясының қарауына жіберу және қалыптастыру; 
      9) мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер беруді және мамандардың әлеуметтік көмек көрсетуі жөніндегі шараларды іске асыру;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері: 
      1) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды алуға және сұратуға;
      2) жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды меншіктің аумақтық мониторингі затына жататын нысандардың мониторингін және талдау ақпараттарын тікелей зерттеуде сараптама және кеңес беру үшін тартуға;
      3) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.

 

3. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      21. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі: 
      1) "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасында функционалдық міндеттер мен өкілеттіктерді бөлуді жүзеге асырады; 
      2) заңнамаға сәйкес "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Балқаш аудандықэкономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады; 
      4) "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері міндетті түрде орындау үшін бұйырықтар шығарады; 
      5) "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылған шараларға жауапты болады; 
      6) заңнамаларға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
      7) "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырындағы сұрақтар бойынша есептік баяндамаларды дайындайды;
      8) "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаржылық қаражаттарын, мүлкін басқарады, банк мекемелерінде есеп-шоттарды ашады және жабады, олар бойынша қаржылық операциялар жүргізуді жүзеге асырады, қаржылық құжаттарға қол қояды, қаржылық және есептілік тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;
      9) өз құзіреті шегінде заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. 
      "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 
      22. "Балқаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын " Балқашаудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

Несиеге  үй сатып алуға құжаттарын өткізген жас мамандарының тізімі Жуктеу

Балқаш ауданы  бойынша көтерме жәрдем ақша алуға құжаттарын өткізген жас мамандардың тізімі Жуктеу  

 

Карта сайта