«Балқаш ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» MM

 

Түймебаев Айдархан Мырзақасымұлы

 

Спорт және дене шынықтыру бөлімі

 

Адрес: 040300, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас с-сы, Д.А. Қонаев к-сі, №72.
Телефон: 8 (72773) 95396
E-mail: *************@mail.ru
 

Аты-жөні

Қызметі

Қабылдау күні

Қабылдау уақыты

Телефон

1

Түймебаев Айдархан 

Мырзақасымұлы

Бөлім басшысы

Дүйсенбі-Бейсенбі

10.00-17.00

95-3-96

2

Бегімжанов Ғабит

Бас маман

Дүйсенбі-Бейсенбі

10.00-17.00

95-3-96

3

Жексембиева Индира

Есепші

Дүйсенбі-Бейсенбі

10.00-17.00

95-3-96

Балқаш ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Ережесі

 1. Жалпы ережелер

 1. «Балқаш ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі - Бөлім) дене шынықтыру және спорт саласында басшылық жасайтын мемлекеттік орган болып табылады.

2. Бөлімнің ведомстволары бар.

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына  және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқы бар.

7. Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі - 040300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, № 0.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Балқаш ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі. 

11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлім қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. Бөлімде кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлім заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 

14. Бөлімнің миссиясы: Дене шынықтыру спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық басқаруды қамтамасыз ету.

15. Міндеттері:

1) Аудан көлемінде бұқаралық дене тәрбиесі мен спортты дамыту бойынша бірыңғай мемелекеттік саясатты жүргізу, жоғары спорт жетістіктерін дамыту болып табылады.

2) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын дене шынықтыру және спорт ұйымдарын басқарады;

3) Ведомостволық бағынысты ұйымдарды белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асырады;

16. Функциялары:

1) Дене тәрбиесі мен спорт саласының негізгі даму бағыттарын анықтайды;
2) Аудандық бюджеттен қаржының бөлінуі жөнінде ұсыныстар жасайды, олардың мақсаты жұмсалуын қамтамасыз етеді;

3) мемлекеттік мекемеге мүлік бекітіп береді;

4) мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;

5) мемлекеттік мекеме директорларының жауапкершілігін және міндетін, құқығын, оны лауазымнан босату негізін анықтайды;

6) мемлекеттік мекеменің құрылымын және шекті штат санын бекітеді;

7) Жылдық қаржы есебін бекітеді;

8) Заңнамамен бекітілген өзге де қызметтерді жүзеге асырады;

9) Спортшылар мен спорт мекемелерінің қызметкерлеріне спорттық және құрмет белгілерін, үкімет марапаттауларын оқытушы – жаттықтырушы құрамына санат беруге құжаттарын ұсынады, разрядттар мен санаттар береді;
10) Облыстық және аудандық спорттық іс - шаралар мен оқу - жаттығу жиындарын өткізеді, оларды өткізу жөніндегі жұмыстың тәртібін белгілейтін бағдарламалық - әдістемелік және басқа да нормативтік құжаттарын дайындайды;
11) Аудан құрама командаларын дайындауды жүзеге асырады, Азия ойындарына, басқа да халықаралық, республикалық жарыстарға аудан спортшыларының қатысуын қамтамасыз етеді;

12) Дене шынықтыру мен спорттың материалдық - техникалық базасын нығайту мен құруға және олардың инфрақұрлымын дамытуға қатысады, спорт ғимараттарына халықтың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

13) Мүдделі ведомоствалар және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, спорт резервін дайындау жөнінде жұмыстар жүргізеді;

14) Балалар жасөспірімдер спорт мектептерінің, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп - интернатының, коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың, спорт клубтарының жүйесін дамытуды, сонымен қатар оларды оқу - жаттығу процесстерін ұйымдастыруды үйлестіреді.

17. Құқықтары:

1) Мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық - талдау құжаттарын өз құзыреті шегінде дайындауға және ұсынуға;

2) Өз құзырының шегінде жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға құқылы;

3) Аудандық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

4) Бұқаралық спортты және дене шынықтыру қозғалысын дамыту;

5) Аудандағы жалпы білім беру мекемелерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері, ауылдық округтердегі спорт және жастар ісі нұсқаушылары және балалар жасөспірімдер спорт мектептері жаттықтырушыларының жұмысын саралау және үйлестіру.

6) Бөлімге қарасты жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын балалар - жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. Бөлім басшылықты Бөлімне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.

19. Бөлімнің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Бөлімнің басшысы қызметкерлері мен мамандарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. Бөлімнің басшысының өкілеттігі:

1) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) Барлық органдарда Мекеме мүддесін қорғайды;

3) Мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;

4) Банкіде есепшоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;

5) Барлық жұмыскерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

6) Жұмыскерлерді марапаттау және шара қолдануды анықтайды;

7) Мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

8) Заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің сандық лимитін бекітеді;

9) Заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің (кәсіпорындардың) директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

10) Спорт түрлері бойынша бас жаттықтырушыларды қызметке тағайындауға келісім береді;

11) Азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

12) Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
13) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауап береді;

14) Мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

Карта сайта