«Балқаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» MM

 

Бөпешбаев Әлибек Өтешбайұлы  18.09.1966 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Қарой ауылында дүниеге келген. Қарой ауылы, Қарой орта мектебін 1984 жылы бітірген. 1988 жылы Талдықорған  қаласы І.Жансүгіров атындағы институтына түсіп, 1994 жылы бітірген. 01.09.1993 – 18.06.1996 жылдары Бақанас ауылы, балалар музыкалық мектебінің мұғалімі қызметін атқарған. 21.01.2019 жылдан бүгінгі күнге дейін аудандық  мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс тел.

1. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Бөпешбаев Әлибек Өтешбайұлы

Бөлім  басшысы

95-1-21,   87052254366

Сәлімжанова Гүлзат Мәметнұрқызы

Бас  маман

95-4-80,   87059854272

 

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының  жеке және заңды тұлғалардың

өкілдерін  жеке қабылдауының 2019 жылғы  І тоқсанына арналған кестесі 

Аты жөні

Лауазымы

Қабылдау күні

Мекен- жайы

Жұмыс   телефоны

1

Бөпешбаев Әлибек Өтешбайұлы

Бөлім  басшысы

Апта сайын

Дүйсенбі-жұма 15.00 -17.00 

Д.Қонаев көшесі, 75 үй,              2 қабат, жұмыс кабинеті

95-1-21

 

«Балқаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже 

1.     Жалпы ережелер 

1. «Балқаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі - Бөлім) мәдениет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлімнің ведомстволары бар.

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
         4. Бөлім ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Мекеменің заңды орналасқан жері: пошталық индексі 040300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Қонаев ауылы, Қонаев көшесі, № 0.

10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Балқаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлімнің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 

14. Бөлімнің миссиясы:

1) аудан аумағында мәдениет саласындағы мемлекеттің саясатын іске асыру, "Қазақстан Республикасындағы "Мәдениет туралы", "Тіл туралы", мәдениет, тілді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, мемлекеттік стандарттарын және басқа нормативтік құжаттардың орындалуына бақылау жасау;

2) халықтың өнерпаздық және кәсіби шығармашылығын жан - жақты дамуына көмектесу, байқаулар, конкурстар, фестивальдар, халық шығармашылығы көрмелерін, шығармашылық есебін, концерттер өткізу;
         3) өнерпаз авторлармен жұмыс жүргізу, әуесқой бірлестіктерін құрып, композиторлар, ақын - жазушылар, суретшілер шығармаларын көпшілікке түсіндіру;
         4) мәдениет мекемелерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып мемлекеттік және де басқа тілдерді үйрету жөніндегі орталықтар ашуға байланысты шаралар қолдану;
         5) мәдени демалыс қызметін жүзеге асыру;

6) аудан көлемінде ұлттық мәдени мерекелер мен фестивальдер өткізу;
         7) аудан аймағында тұратын ұлттық мәден дәстүрлерді қайта жандандыруға ықпал жасау;

8) ұлттық мәдени орталықтармен тығыз қарым - қатынас және шығармашылық байланыс бекіту;

9) тіл саясатын оң тәжірбиені жинақтау және тарату, аудан тұрғындарын тілдер туралы заңнаманы жүзеге асырылу барысы туралы хабардар ету;

10) мәдениет қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін және кадрлардың біліктілігін көтеру мақсатында семинар, тәжірибе жинақтау, байқаулар, конкурстар және басқа да іс – шаралар ұйымдастыру;

11) жастар саясаты саласындағы тілдердің қолданылуы мен дамуы және бөлім құзыретіне енетін басқа да бағыттар бойынша аудандық бағдарламалар әзірлеуге, жүзеге асыруға қатысу.

15. Міндеттері:
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет ұйымдарын

басқарады;

2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда тілдер туралы заңнамалардың орындалуын бақылау;

3) топономикалық атауларды зерттеу және есепке алуды ұйымдастыру.

Ономастикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

4) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы орталық атқарушыорганның нормативтік - құқықтық актілеріне сәйкес басшы және мәдениет қызметкерлерін аттестаттаудан өткізеді және мәдени қызметкерлерге біліктілік санаттарын береді;

5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және босатады;

6) аймақтық деңгейде мәдениет кадрларын қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыруға ықпал жасайды;

7) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оны жұмыс істеу ережелерін бекітеді; 

8) жылдық қаржы есебін бекітеді;

9) заңнамамен бекітілген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
         16. Функциялары:
         1)  мемлекеттік мекемеге мүлік бекітіп береді;

2) мемлекеттік мекемені ұстауға қажет (шығын жоспарын) сметаны бекітеді;

3) мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік мекеменің Ережесін бекітеді, өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

5)  мемлекеттік мекемені басқару органдарының құзырының мерзімін және құру тәртібін, құрылымын, мемлекеттік мекемемен шешім қабылдау тәртібін анықтайды;

6) мемлекеттік мекеме басшысының жауапкершілігін және міндетін, құқығын, оны лауазымнан босату негізін анықтайды;

7) мемлекеттік мекеменің құрылымын және шекті штат санын бекітеді;

8) жылдық қаржы есебін бекітеді;

9) заңнамамен бекітілген өзге қызметтерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

Бөлім өз функцияларын және жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте: 

1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық - талдау құжаттарын өз құзыреті шегінде дайындауға және ұсынуға;

2) өз құзырының шегінде мәдениет мекемелерінен, жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға құқылы;
      3) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, мәдениет мекемелерінің жұмысын үйлестіреді;

4) бөлімге қарасты жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мәдениет мекеме басшыларының қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

 

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру 

18. Бөлімнің басшылықты «Балқаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерің орындалуына және оның фукцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;

3) өз орынбасарының және басқа да басшы қызметкерлерінің құзырын белгілейді;
         4) мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;

5) банкіде есеп шоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;

6) барлық жұмыскерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

7) мекеме жұмыскерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
         8) жұмыскерлерді марапаттайды және шара қолданады;

9) мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

10) заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің (кәсіпорындардың) директорларын және меңгерушілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың орынбасарларын, әдіскерлерін тағайындау және босатуға келісім береді;

11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауап береді;

12) мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

13) қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша мекеме өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилигирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
         14) заңдылықпен және осы Ережемен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.
      15) Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезіңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

Карта сайта