«Балқаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» MM

Күлтебаев Қабыл Садуақасұлы

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Күлтебаев Қабыл Садуақасұлы 26.04.1961жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген, 1978 жылы Бақанас орта мектебін бітіріп , сол жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтына түсіп 1983 жылы бітірген. 1983-1986 жылдары Балқаш аудандық «Сельхозтехника» бірлестігінде инженер-контролер.1986-1987 жылдары «Жеңіс» күріш совхозында инженер-механик.1987-1990 жылдары Балқаш аудандық агроөнеркәсіп кешені бірлестігінде бөлім бастығы.1990-1994 жылдары «Ақкөл» совхозында бас инженер.1994 жылдың наурыз-қараша айларында аудандық маслихатта тексеру комиссиясының төрағасы.1994-2010 жылдары аудандық ауыл шаруашылығының басқармасында, 1999 жылдың ақпанына дейін бас инженер, әрі қарай 2010 ж дейін басшысы. 2010-2013жж. Жетісу «ҰКК ҰК» АҚ директор депортаменті. 2013-2014 жж. «Тамшы-Бұлақ» ЖШС директоры.2014-2015жж. «Балқаширригация»мекемесінде директор орынбасары. 2016-2019жж. Ақкөл ауылдық округінің әкімі. 2019 жылдың наурыз айынан «Балқаш аудандық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» ММ-нің басшысы.   

«Балқаш аудандық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» ММ-сі.    

            Ф.И.О.

            Қызметі

         Жұмыс тел.

1

Күлтебаев Қабыл Садуақасұлы

Бөлім басшысы

 р/т   91-8-05

 

Моб:8705 2164216

2

Жұмабеков Айбын Надирович

Бас маман

91-5-43,

8777 6767334

  Аудандық ЖК және АЖ бөлімі басшысының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі.

Аты жөні

Лауазымы

Қабылдау күні

Мекен-жайы

Жұмыс тел.

Күлтебаев Қабыл Садуақасұлы

Бөлім басшысы

Апта сайын

Дүйсенбі-жұма 15.00-17.00

Д.Қонаев көшесі 66үй, 2қабат

91-8-05

 

«Балқаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже 

1. Жалпы ережелер 

1. «Балқаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі - Бөлім) ауданның автомобиль жолдары және жол қызметі аясындағы мемлекеттік саясатты іске асыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

3. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Бөлім ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6 Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 040300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, № 0.

10. Мемлекеттiк органның толық атауы  -  «Балқаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлім қызметiн каржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнен жүзеге асырылады.

13. Бөлімге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге  асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Бөлімнің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi 

14. Бөлімнің миссиясы: жолаушылар көлігі, байланыс пен автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласында аудандық деңгейде бірыңғай саясат жүргізеді және үйлестіру, реттеу, бақылау бойынша жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды жүзеге асырады.

15. Мiндеттерi:

1) көліктің барлық түрімен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру;

2) аудандық деңгейдегі жолдардың құрылысы, жөнделуі және ұсталуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

16. Функциялары:

1) өзінің өкілеттігі шеңберінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары дамуының басым бағдарламаларын жүзеге асыру;

2) ауданның  әлеуметтік - экономикалық  дамуының  жағдайын  талдау мен болжамдар жасауға, Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша инвестициялық бағдарламалар жасауға қатысу;

3) Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің отырыстарына материалдар даярлауға қатысу; 

4) жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық, ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекітеді, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткізеді, маршруттар бойынша жүру кестелерін бекітеді;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол қызметін қаржыландыруға арналған қаржыны пайдаланудың тәртібін анықтау және олардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының құрылысы, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру.

Көлік инфрақұрылымын дамыту саласында мемлекеттік сатып алудың ортақ ұйымдастырушысы болып, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

7) аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары торабын басқару;

8) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды жүргізу барысында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

9) жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық, ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарыныңтiзiлiмiн жүргiзу;

          10) аудан аумағындағы елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру;

11) ауданның коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;

12) өз құзіреті шегінде ауданның коммуналдық меншігіндегі мүліктерге иелік етуге, пайдалануға және билік жүргізу;

13) көлік және жол шаруашылығының дамуын жақсарту бойынша ұсыныстар мен шешімдер дайындауға қатысу;

          14) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдаудыұйымдастыру;

15) алыстағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдауды ұйымдастыру;

16) ауылдық, ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;

          17. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) жергілікті  атқарушы  органдардан,  комитеттер   мен   басқармалардан,

ведомстволық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан аудан аумағында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдардан Бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;

2) міндеттерді жүзеге асыруға байланысты шешімін табу облыстық және республикалық деңгейде қамтамасыз етілетін ұсыныстарды жоғары тұрған органдардың қарауына енгізуге;

3) аудан әкіміне және аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына Бөлімнің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге;

4) заңнамаға сәйкес Бөлімге жүктелген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

 

3. Бөлімнің қызметiн ұйымдастыру 

         18. Бөлім басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

19. Бөлімнің бiрiншi басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Бөлімнің бiрiншi басшысының орынбасарлары жоқ.

21. Бөлімнің бiрiншi басшысының өкілеттігі:

1) Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) Бөлім қызметкерлері арасында функционалдық міндеттер мен өкілеттіліктердің бөлінісін жүзеге асырады;

3) Бөлім қызметкерлеріне заңнамаларда белгіленген тәртіппен көтермелеу қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

4) Бөлім қызметкерлеріне орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

5) заңнамаларға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдар алдында Бөлімнің мүддесін қорғайды;

6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс - әрекеттерге шара қолданады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауап береді;

7) заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бөлім аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

    

Күлтебаев Қабыл Садуақасұлы 26.04.1961жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген, 1978 жылы Бақанас орта мектебін бітіріп , сол жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтына түсіп 1983 жылы бітірген. 1983-1986 жылдары Балқаш аудандық «Сельхозтехника» бірлестігінде инженер-контролер.1986-1987 жылдары «Жеңіс» күріш совхозында инженер-механик.1987-1990 жылдары Балқаш аудандық агроөнеркәсіп кешені бірлестігінде бөлім бастығы.1990-1994 жылдары «Ақкөл» совхозында бас инженер.1994 жылдың наурыз-қараша айларында аудандық маслихатта тексеру комиссиясының төрағасы.1994-2010 жылдары аудандық ауыл шаруашылығының басқармасында, 1999 жылдың ақпанына дейін бас инженер, әрі қарай 2010 ж дейін басшысы. 2010-2013жж. Жетісу «ҰКК ҰК» АҚ директор депортаменті. 2013-2014 жж. «Тамшы-Бұлақ» ЖШС директоры.2014-2015жж. «Балқаширригация»мекемесінде директор орынбасары. 2016-2019жж. Ақкөл ауылдық округінің әкімі. 2019 жылдың наурыз айынан «Балқаш аудандық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» ММ-нің басшысы.   

«Балқаш аудандық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» ММ-сі.   

 

Карта сайта