Балқаш аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс тел.

1. Балқаш аудандық

кәсіпкерлік бөлімі

Манат Ришат Манатұлы

Бөлім басшысы

87277395385

 87051962991

Нақыпбаев Жомарт

Бас маман

87277395385

87775139424


Балқаш аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін  жеке қабылдауының 2019 жылғы  ІV тоқсанына арналған кестесі

Аты жөні

Лауазымы

Қабылдау күні

Мекен жайы

Жұмыс телефоны

1

Манат Ришат Манатұлы

Бөлім басшысы

Апта сайын

Дүйсенбі 14.30 -18.30

Сәрсенбі 10.00 -13.00

Жұма       10.00 -13.00

 

Д.Қонаев көшесі 75

1 қабат

872773

95385

 

 

"Балқаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже 

1. Жалпы ережелер 

1. "Балқаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі(Бұдан әрі - Бөлім) кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
         3. Бөлім ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
         6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
         7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 040300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, № 0.

9. Мемлекеттік органның толық атауы  -  «Балқаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
         12. Бөлімне кәсіпкерлік субъектілермен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 

13. Бөлімнің миссиясы жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады.

14. Міндеттері:

1) жеке кәсіпкерлікті тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу;
         2) аудан аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

15. Функциялары:

1) кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай қалыптасуы мен іске асырылуына қатысу;

2) ауданда шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
         3) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке кәсіпкерлік субъектілерімен және басқалай ұйымдармен өзара іс - қимыл жасауды жүзеге асырады;

4) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;

5) ауданда жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша мониторинг жүргізеді;
         6) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру;

7) халық, кәсіпкерлік субъектілері арасында кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнамасындағы мәселелері бойынша ақпаратты - түсіндірмелі жұмысын жүргізу;
         8) "Ең үздік кәсіпкер" аудандық конкурсын ұйымдастыру және жүргізу;
         9) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, "дөңгелек үстелдер" ұйымдастыру және жүргізу;

10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында оған жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
         2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

3) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселесі бойынша мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс - қимыл жасау;

4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.

 

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру 

17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. Бөлімнің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Балқаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
         19. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) орынбасарының және мемлекеттік орган қызметкерлерінің міндеттері мен құзыреттерін айқындайды;

2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;

4) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;

5) сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданысқа заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

Карта сайта