«Балқаш ауданының құрылыс бөлімі» MM

"Балқаш ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

 

Ережесі.

 

Жалпы ережелер 

1. "Балқаш ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі - Бөлім) құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, № 0.

9. Мемлекеттік органның толық атауы  -  «Балқаш ауданының құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі».

10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілермен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 

13. Бөлімнің миссиясы: Балқаш ауданы аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу.

14. Міндеттері:

1) Балқаш ауданының бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын іске асыру;

2) құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтар, қайта бейімдеу) реконструкциялау, қалпына келтіру және құрылысты күрделі жөндеу, ғимараттар, инженерлік және көлік коммуникациялар туралы, сондай - ақ аумақты инженерлік дайындау жөнінде және абаттандыру, көгалдандыру, құрылысты (объектілерді) консервациялау, объектілерді кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

3) қала құрылысы жобаларын, егжей - тегжейлі жоспарлау жобаларын және аудан құрылысын іске асыру.

15. Функциялары:

1) аудандық коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік - мәдени мақсаттағы объектілердің құрылыстары, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

2) құрылыс - монтаждық жұмыстарды жобалауға, құрылысқа арналған құжаттарды дайындайды және конкурстарды өткізеді;

3) ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын ұйымдастырады;

4) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын ұйымдастырады;

5) жергілікті бюджет, облыстық бюджеттің арнайы трансферттері есебінен салынатын объектілердің құрылысына, реконсрукциялануына техникалық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік қаражаттарды жоспарлауға және бөлуге қатысуға, жобалау - іздестіру жұмыстары, әлеуметтік - мәдени, коммуналдық мақсаттағы объектілердің құрылысына және ипотекалық несиелендіру қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысына арналған аудан бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныс енгізуге;

2) құрылыстың келешекті жоспарларын әзірлеуге, құрылыс бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысуға;

3) төтенше жағдайларды ескерту және коммуналдық меншік объектілерінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша органдарымен бірге әзірленген іс - шаралар барысына бақылауды жүзеге асыруға;

4) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізуге;

5) құзыретіне сәйкес қабылдауға болжамдаған нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді дайындауды, әзірлеуді жоспарлауға;

6) әзірлеуші Бөлім болып табылатын Балқаш ауданы әкімдігімен бұрын қабылданған құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуына және қолдану өзектілігіне тексеріс жүргізуге;

7) көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына, оның ішінде бюджет қаражаттарының игерілуіне тұрақты бақылауды және мониторингін қамтамасыз етуге;

8) шарттық жұмысты тұрақты жетілдіруге;

9) Бөлімнің, Балқаш ауданының әкімі және әкімдігінің атына келтірілген прокурорлық ден қою актілерін қарауға, егер тиесілі мәселе Бөлімнің құзыретіне кірсе, оларға жауап ұсынуға, сондай - ақ оларға мониторинг және талдау жүргізуге, қорытындысы бойынша алда мұндай бұзушылықтарды болдырмау үшін аудан әкіміне ұсыныс енгізуге;

10) Балқаш ауданы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуы үшін қажетті барлық шараларды қабылдауға;

11) мердігерлік ұйымдармен шарттық міндеттердің сапалы және уақытында орындалуына бақылауды қамтамасыз етуге, олар тиісті орындалмаған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шараларды қабылдауға;

12) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, меншік нысанына қарамастан лауазымды тұлғалардан Бөлімге жүктелген қызметтерді және міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды сұратуға және қабылдауға;

13) Бөлімге жүктелген қызметтерге және міндеттерге сәйкес өткізілетін іс - шараларды басқа мекемелердің және ұйымдардың қызметкерлерін, олардың басшыларының келісімімен жүзеге асыруға тарту туралы ұсыныс енгізуге;

 

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру 

17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.

18. Бөлімнің бірінші басшысын Балқаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Бөлімнің барлық қызметкерлеріне орындау үшін міндетті өз құзыреті шегінде бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады және нұсқаулар береді;

2) қолданыстағы заңнамаға және штаттық кестеге сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4) құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олардың сақталуына жауапты болады;

5) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетуді, көтермелеуді жүзеге асырады;

6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің өкілі болады;

7) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;

8) Бөліммен шығарылған бұйрықтарға қол қояды.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 

Карта сайта