«Балқаш аудандық ішкі саясат бөлімі» MM

 

Аманжолова Гаухар Аманжолқызы

 

Ішкі саясат бөлімі

 

 

Адрес: 040300, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас с-сы, Д.А. Қонаев к-сі, №72
Телефон: 8 (72773) 95447
E-mail: *************@mail.ru
 

Аты-жөні

Қызметі

Қабылдау күні

Қабылдау уақыты

Телефон

1

Аманжолова Гаухар 

Аманжолқызы

Бөлім басшысы

Дүйсенбі-Бейсенбі

10.00-17.00

91-0-80

2

Салимжанова Гүлзат

Бас маман

Дүйсенбі-Бейсенбі

10.00-17.00

95-4-47

3

 

 

Дүйсенбі-Бейсенбі

10.00-17.00

95-4-47

«Балқаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер 

 «Балқаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Балқаш ауданының ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

1.  Бөлімнің ведомстволары жоқ.

2.  Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.  Бөлім ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.  Бөлім  азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5.  Бөлім  егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6.  Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7.  Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8.  Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, № 0.

9.       Мемлекеттік органның толық атауы – «Балқаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10.  Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

11.  Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен  Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Бөлімнің миссиясы:

Балқаш ауданында ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функцияларын жүзеге асыру

15. Міндеттері:

1) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) ауданда Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

3) аудандағы қоғамдық - саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік  және саяси зерттеулерді жүргізу;

4) үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік;

5) үкіметтік емес ұйымдарды қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешу үшін тарту;

6) саяси партиялар, қоғамдық - саяси қозғалыстар, діни бірлестіктер қызметіне мониторинг;

7) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттауда әкімшілік - аумақтық бірлігіне сәйкес қалыптастыруға ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау;

16. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс әкімі мен аудан әкімінің қаулы, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

2) саяси және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз ету, ішкі саясат сұрақтары бойынша мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру, бірыңғай іс - әрекет жоспарын әзірлеу;

3) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, діни бірлестіктермен,   кәсіподақтармен өзара іс - қимыл жасауды жүзеге асыру;

4) әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;

5) Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясы хатшылығына ақпараттық - ұйымдастырушылық көмек көрсету;

6) мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша аудан аумағында акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер ұйымдастыру және өткізу;

7) қоғамдық - саяси, мәдени - бұқаралық шараларды идеалогиялық қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету;

9) мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдану тәжірибесін талдау, ақпараттарды өңдеу мен жинауды қамтамасыз ету, осы саладағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;

10) Бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік және басқа да мекемелермен қызметтік хат - хабарлар алмасуды жүзеге асыру;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан сұратуға, Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауда қатысуға мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстарды дайындау үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген баска да құқықтарды жүзеге асыруға. 

 

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру 

18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Бөлімнің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және босатады.

20. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына    сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.

21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және жүзеге асырылуына тікелей жауапты болады;

2) Бөлімде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шегінде Бөлім мүлкіне иелік етеді;

4)  шарттар жасайды;

5)  сенімхаттар береді;

6)  банк мекемелерінде шоттар ашу;

7) Бөлімнің барлық қызметкерлеріне орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) барлық ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;

9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Балқаш  ауданының ішкі саясат бөлімі»  мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа алады, босатады, сондай - ақ Бөлімнің қызметкерлерін көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза белгілейді;

10) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілеу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Бөлімнің басшысы басқарады.

 

Толығырақ...

Карта сайта