Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ

Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.10.2018 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Толығырақ...

«Балқаш ауданының жер бөлімі бөлімі» MM

Нарбаев Ғалым Рахымұлы

 

Жер қатынастары бөлімі 
Адрес: 040300, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас с-сы, Д.А. Қонаев к-сі, №66.
Телефон: 8 (72773) 91215, 91682
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
 

Аты-жөні

Қызметі

Қабылдау күні

Қабылдау уақыты

Телефон

1

Нарбаев Ғалым Рахымұлы

Бөлім басшысы

Дүйсенбі-Бейсенбі

10.00-17.00

91-2-15

2

Сейтқұл Мәди

Бас маман

Дүйсенбі-Бейсенбі

10.00-17.00

91-6-82

3

Шайбаев Дәулет

Бас маман

Дүйсенбі-Бейсенбі

10.00-17.00

91-6-82

 

«Жер заңды негізде» бөлімі

         Осы сайттың бөлігінде Сіздерге аудан көлемінде жер учаскелерін өз беттерінше иеленіп алу деректері бойынша хабарламалар мен фотосуреттерді орналастыру мүмкіншілігі көзделген.

         Сіздердің жіберген фото суреттеріңіз бен хабарламаларыңыз бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен тиісті шаралар қолданылатын болады.

ЕСКЕРТПЕ – ЖАДЫНАМА

         Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43 бабының 10 тармағына сәйкес егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.

          Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 136 бабына сәйкес мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау – жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

          Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 389 бабына сәйкес өзiнше билiк ету, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа адаммен немесе ұйыммен дауласып жатқан, өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыру - бір жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

 

 

 

«Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже 
1.     Жалпы ережелер 

1. «Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі  -  Бөлім) Балқаш ауданы аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы  Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Бөлім ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Бөлім азаматтық  -  құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 040300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, № 0.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттiк мекемесi.

11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

13. Бөлімге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлім заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2.     Бөлімнің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi 

14. Бөлімнің миссиясы: жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

15. Мiндеттерi:

1) жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

2) ауыл шаруашылығы жерлерін бір түрінен басқа түріне ауыстыру туралы ұсыныстар дайындау;

3) аудан бойынша жер сауда - саттығын (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастыру.

16. Функциялары:

1) жер учаскелерін  беру, алып қою және олардың  нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі Балқаш ауданы әкімдігінің қаулыларының жобалары мен ұсыныстарын дайындау;

2) іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға Балқаш ауданы әкімдігінің рұқсатын беру туралы ұсыныстар дайындау;

3) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

4) Балқаш ауданының жер балансын жасау;

5) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

6) жер учаскесін сатып алу - сату шарттары мен жалдау жəне жерді уақытша   өтеусіз   пайдалану   шарттарын    жасасу   жəне    жасалған   шарттар

талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

7) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау жəне оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

8) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін мəжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

9) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

         10) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

11) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру жəне жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қорғайтын аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай - ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

14) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау;

15) Бөлімнде іс қағаздарды жүргізуде құжаттармен қамтамасыз ету:

іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді ұйымдастыру;

қызметтік құжаттарды қарау;

азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру.

17. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша қажетті ақпараттар сұрау және алу;

2) жер заңнамаларына қайшы келетін жергілікті мемлекеттік басқару органдары шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу.

  

3.     Бөлімнің қызметiн ұйымдастыру 

18. Бөлім басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасары жоқ.

21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) барлық органдарда мекеме мүддесін ұсынады;

3) мекеме мүлкіне иелік етеді, келісімшарттар жасайды, сенімхаттар береді;

4) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

5) қызметкерлерді марапаттау шараларын қабылдайды және тәртіптік шаралар қолданады.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Бөлімнің басшысы басқарады. 

 

Карта сайта