«Балқаш ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» MM

 

«Балқаш ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

 1.     Жалпы ережелер 

1. "Балқаш ауданыныңның тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі  -  Бөлім) тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
         4. Бөлім ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Бөлім егер заңнамаға және сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
         8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, № 0.
         10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Балқаш ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
         13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
         Егер Бөлімге заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі. 

 

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 

14. Бөлімнің миссиясы: тұрғын үй қатынастары, коммуникациялар және автомобиль көліктері салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
         15. Бөлімнің міндеттері:

1) қалада қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша кешенді мерекелер жүргізу, күту және абаттандыру, санитарлық жағдайы бойынша, көгалдандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

2) заңнамамен белгіленген өз құзыреті шегінде қала аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

3) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс - шараларды ұйымдастыру;
         4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде көлік саласында жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру; 

5) тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту;

16. Бөлімнің функциялары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалалық коммуналдық меншік объектілерін салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болу;
         2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаланың су құбырларын, жылу мен электр желілерін және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерін салуды және пайдалануды ұйымдастыру;
         3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық маңызы бар қалалық жолдарды салу, пайдалануды және күтіп ұстауды ұйымдастыру;
         5) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

6) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;

7) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
         8) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте кондоминиум объектiсiне техникалық паспорттар дайындау жөнiндегi шығыстарды өтеудi бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз ету;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде жолаушыларды тұрақты қалалық, қала маңындағы және қалаішілік тасымалдауды ұйымдастыру бойынша іс - шараларды жүзеге асыру;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру;

11) бюджеттік саланың мекемелері мен тұрғындар алатын коммуналдық қызметтер сапасының деңгейін тұрақтандыру және одан әрі өсіру мәселелерінде коммуналдық саладағы кәсіпорындармен өзара әрекет ету;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімге жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік тұрғын үй қорының мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін ұсыну және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғау;

2) Бөлімнің құзырына жататын мәселер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

3) қала әкімінің шешімдері, өкімдері және қала әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындау;

4) белгіленген тәртіппен тұрғындардың хаттары мен шағымдарын қарау, жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

5) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай - ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтер сұратуға және алуға;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындалуына жауапкершілік;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

 

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру 

18. Бөлімнің басшылығын Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Бөлімнің бірінші басшысын Балқаш ауданыныңның әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
         21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Бөлімнің бірінші басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады. 

2) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен айқындалған мекеме қызметінің мәселелерін шешуді өз бетімен және дербес қағидаларын басшылыққа ала отырып әрекет етеді; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;

4) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
         5) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Бөлім бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. Бөлімнің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Басшы басқарады.

 Жер кезегінде тұрғандар тізімі жуктеу

Карта сайта