Баспасөз брифингі

Өткен аптаның сейсенбісінде аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы облыс орталығы Талдықорған қаласындағы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында ауданның 2017 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, 2018 жылда атқарылатын жұмыстары және болжамы мен міндеттері туралы баяндама жасады.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысқан баспасөз мәслихатында аудан басшысы аграрлы ауданымыздың 2017 жылы егін және мал шаруашылықтары саласында атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар аудан басшысы білім, спорт және мәдениет салалары бойынша жеткен жетістіктерді айта келе, денсаулық сақтау саласы бойынша аудан көлемінде жүргізіліп жатқан шаруаларға да тоқталып өтті.

Тарихтан тағылым

Бақанас мектеп-интернатында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында ауқымды шаралар көптеп өткізілуде. Соның бір парасы жақында аталмыш мақала тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме сөресіне Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы, сонымен қатар Ұлы тұлға Д.Қонаевтың «Өтті дәурен осылай», «Ұлы тұлғаның ұлағаты», т.б. ауданнан шыққан ақын-жазушылар, белгілі журналистердің, танымал жерлес адамдардың кітаптары қойылды.

Жанна Нахақызы, Бақанас мектеп интернатының кітапханашысы.

ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

   Астана-қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген Тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы-жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған кұбылыс. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, санаулы жылдарда Астана салған мемлекет тарихта болған кемде-кем.

Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ патриоттық сезім билейді. Бұны көру, сезіну де бір бақыт, маңдайға біткен бақ емес пе?!

Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, Тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Астана Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпір, қақпаның кілті болса, күллі қазақ халқының – жүрегі. Небәрі 20 жылдың ішінде адам айтса сенбестей өзгерген ару Астана өзге елдермен терезесі тең, келешегі кемел, болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды.

Осындай жетістікке жетіп, Астананың алып жатқан асуы – тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі елдігіміздің, айбарлы азаттығымыздың арқасы. Ең бастысы Елбасымыздың дара басшылығының қол жеткізген биік белестері деп ойланбастан айта аламыз. Әлемде ғаламдық жаһанданудан аман өткен Астана бүгінде ұшқыр дамып, жаңаша бағытта көркейіп, гүлденуде. Бұл да болса халықтың айрандай ұйыған ауызбіршілігі, тұрақтылығы және ең бастысы-шаттығы шалқыған бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп жатқаны, ақ көңілді, кеңпейілді, ешкімді жатсынбайтын, арамдықтан ада, қиянаттан шет, жомарт мінезді, кез келген адамзатты бауырына баса білген бауырмал, ешкіммен теңдесі жоқ қазағымның арқасы.

Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев: «Жаңа Астана – тарихи оқиға. Бұл – елдің өз тәуелсіздігін алып, көк байрағын көтергенмен бірдей қуаныш» деген болатын. Астана күннен-күнге құлпырып, өзінің рухани келбетін жаңартып, көз тартар алып ғимараттарымен жыл сайын өркендеуде.

 

Наталья ИБРАЕВА, Ы.Алтынсарин атындағы

 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

 

                                               ЕЛОРДА МЕРЕЙІ АСҚАҚТАДЫ

Биылғы 2018 жыл Қазақстан халқы үшін тарихи жылдың бірі болмақ. Өйткені, Тәуелсіз мемлекет-іміздің Елордасы-Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы тойланады.

Аталмыш мерекеге орай еліміздің әр өңірлерінде мәдени іс-шаралар ұйымдасты-рылыуда. Соның бір дәлелі ретінде айтар болсақ, осы аптада аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жырға қосам, Астанам!» тақырыбында  жас ақындар арасында аудандық жыр-мүшәйра болып өтті.

Өнер сайысына аудан көлеміндегі ауылдық округтердің кітапханашылары  дайындаған  әуесқой жас жырсүйер қауымы қатысып, сайыстың үш кезеңі бойынша өз өнерлерін көрсетті. Жүрегінен жыр туындаған жырсүйер балалар байқаудың алғашқы кезеңі бойынша «Қазақтың қарапайым баласымын, ақындық мен үшін шын жарасатын» тақырыбында өздерін өлеңмен  таныстырса, сайыстың екінші кезеңінде «Жыр болып төгіліп, ән болып асқақтаған-Астана» тақырыбында халыққа  танымал ақындардың Астана жайында жазылған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ал, сайыстың үшінші кезеңі бойынша «Мен-ақынмын, жүрегі жырдан жаралған» тақырыбында үміткерлер Елордамыз Астанаға арнаған төл туындыларын мәнерлеп орындады.

Байқауға қатысушы жас ақындардың  өнерлерін  бағалау мақсатында  құрылған әділқазылар төрайымы аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Роза Суанбаева болса, сондай-ақ, аудандық кітапхананың директоры Нүрия Қапсаланова, ауданға танымыл ақын Жеңіс Демеуқұлов және «Балқаш өңірі» газетінің жауапты хатшысы Бақтығали Дәуітбаев  үміткерлерге әділ бағасын бере отырып, байқау соңында  жеңімпаздарды марапаттады.

Жыр додасын қорытындылай келгенде, ІІІ-ші орынды жиделілік Тоғжан Нұржанқызы мен ақжарлық Шоқан Алмасұлы тең бөлісті. Ал,  Береке ауылынан келген Аяна  Майрат пен көкталдық Мақсат Күмісбайұлы ІІ-ші орынға лайықты өнер көрсетті. Байқауда үздік өнер көрсеткен желтораңғылық Ділназ Талғатқызы І-ші орынды жеңіп алды.

Жыр-мүшәйраның жабылу салтанатында  қатысушылар арнайы дипломдармен  мараптталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

                                                                                                           Сайлау АБЫЛДАЕВА,

                                                                         аудандық кітапхананың кітапханашысы.

Ұлы тұлғаның ұлы ұстазы

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың туған күніне орай  Ұлы тұлғаның ғибратты ғұмыры мен  мемлекет және қоғам алдындағы ұлағатты еңбек жолын ұлықтап, ұрпаққа таныту мақсатында «Ұлы тұлғаның ұлы ұстазы» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.

Сондай-ақ,  апта ортасында музейдің «Қонаев» экспозициялық залында Бақбақты ауылындағы №1 Жамбыл орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Балқыбаева Венера және мектеп директорының  тәрбие жөніндегі орынбасары Білдебаев Нұржанның қатысуымен Димаш бабамыздың құрметіне қойылған Дінмұхамед есімді аталмыш мектептің шәкірттерімен кездесу өткізілді.

Кездесуге 2-ші сынып оқушысы Болатұлы Дінмұхамед, 3-ші сынып оқушысы Есенғали Дінмұхамед, 7-ші сынып оқушылары Қайнар Дінмұхамед, Мұхамеди Дінмұхамед пен жоғары сынып оқушылары қатысып, музей ұжымының құттықтаулары жолданып, оқушылардың арнау, ода-жырлары оқылып, «Ұлы тұлға есімі ұлт жадында» тақырыбында шолу сағаты мен тақырыптық экскурсия жүргізіліп, естелік суреттер түсірілді.

 

Гүлхан СИХЫМҚЫЗЫ,

                                                                                                  аудандық тарихи-өлкетану

                                                                                              музейінің ғылыми қызметкері.

  

Білімді ұрпақ – болашақ нұры

Бала тәрбиесін отбасынан бастау өте дұрыс. Баланы тәрбиелеуде ананың да, әкенің де рөлі өте зор. Қыз балаға анасы, ұл балаға әкесі өмірдің жақсы мен жаманын, ағы мен қарасын ажырата білуге үйретуі тиіс. Отбасында жақсы тәрбие алған бала болашақта да еліне жанашыр, халқының қамын ойлар азамат болары сөзсіз. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында дәл осы ойлар негізге алынған.

Топар ауылының орта мектебінде «Білімді ұрпақ – болашақтын нұры» атты тақырыпта мектеп оқушыларымен жиын болып өтті. Елбасымыздың « Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру» атты мақаласы кең көлемде талқыланып, жастарымыздың үш тілді жетік меңгеріп, бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарынан көріну үшін білімді, ұшқыр ойлы шәкіріттер болуы шарт екені айтылды. Сондықтан да сапалы білім алып, үш тілді жетік меңгеріп, болашақта елімізді әлемге паш ету біздің міндетіміз екендігі әңгіме өзегіне айналды. Сөздерінің мазмұнды әрі сенімді айтылуы, ойларының озықтығы үшін  ұстаздар өз шәкіріттеріне ризашылықтарын білдірді. Оқушылардың осындай тапқырлы да орамды ой-пікірлері бізді өте қуантты.

 

 Гүлзада   Садуахасова,

                                                                                          Топар орта мектебінің мұғалімі.

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

 

 

 

Жолдауға-қолдау

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауын жылда асыға күтемін. Себебі, Елбасымыз жыл сайынғы Жолдауларында үнемі жаңа бастамалар көтеріп, мемлекет алдына бірқатар міндеттерді қояды. Сондықтан, Елбасы Жолдауы әрбір қазақстандықты жарқын болашаққа жетелейтін, ертеңге деген сенімін арттыратын, да-мудың межесі мен мақсатын айқындайтын темірқазық іс-петтес. Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауында алдымызға 10 міндет қойып отыр.

Еліміздің жылдан-жылға өр-кендеп келе жатқаны баршамызға белгілі. Оған дәлел ретінде айтар болсақ, көз алдымызда жаңа құрылыс нысандары қанат жайып, мыңдаған отбасылар баспаналы болып жатыр. Түрлі өндіріс орындары ашылып, білікті, кәсіби, бәсекеге қабілетті мамандар қатары қалыптасты. Меніңше, Елбасы белгілеген 10 міндет те таяу уақытта іске асып, өз жемісін береді. Еліміздің әлеуметтік саласы да алға басып, халықтың да тұрмыс жағдайы көтеріле түсуде.

 

                                                                                      Диханбай  ҚҰЛТАЕВ, зейнеткер.

                                                                                                          Желтораңғы ауылы.

 

 

 

ДАМУҒА СЕРПІН БЕРДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ-дайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауында ауылшаруашылық саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Нәтижесінде, экологиялық тұрғыда таза өнімдер тұтынамыз. Қазіргі таңда азық-түліктің дені химиялық қоспаларға толы. Әрине, мұндай қоспалардың адам ағзасына көп жағдайда зиянын тигізетінін медицина дәлелдеп отыр. Қазақстанның климаты ауылшаруашылығын өркендетуге өте қолайлы. Сондықтан, өз елімізге, экспортқа таза агроөнімдерді шығарып, өндіріс орындарын дамытуға мүмкіндік мол.

Елбасы биылғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін кешенін «ақылды» технологиялармен дамытуды ұсынды. Бұл, шын мәнінде өте тиімді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстанда жасалған» брендін дәл осы ауылшаруашылығында қалыптастыру туралы тарқа-тып айтты. Өйткені, біз қазақ-стандықтар отандық өнімді шығару арқылы өз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, аграрлық тұрғыдан ауыл-шаруашылығының гүлденуіне өз үлесімізді қосқанымыз.        

 

                                                                                          Бүркіт МҰҚАНОВ, аудандық

                                                              ауылшаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі.

ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Қазақстан-қазақ халқының  атамекені. Ата-бабаларымыздың ұрпағы үшін қан төккендігінің   арқасында аманат болған киелі мекен. Бүгінде Тәуелсіздікке  қол жеткізіп, терезесі өзге елдермен тең болып отыр. Ел Тәуелсіздігі де бізге оңай жолмен келген жоқ. Бұл жолда қазақ еліне егемендік  алу деген сенімі нық болды. Болашаққа, келер ұрпаққа тыныш өмір сыйлауға асық болды. Жақсы мен жаманды саралай отырып, Елбасының сара жолының арқасында бағытымыз айқын болды. Тәуелсіз Қазақстан деген ел атандық. Елімізді әлем таныды.

Енді Қазақстанның жаңаша жаңғыруы басталды. Еліміз жауапкершілігі мол, мықты әрі біртұтас ел болу үшін ұлттық сана, көзқарасымызды  қалай өзгертетініміз  туралы ауқымды жоспарлар жасалынуда.

Елбасы Н.Назарбаевтың осыған дейінгі Жолдауларын негізге ала отырып, көптеген биіктерден көріндік. Ендігі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы да қазақ елін жаңаша танытатын  бастама деп білемін. Елімнің болашағының жарқын әрі анық болуы алға қойған мақсатқа жетудегі біздің тер төккен еңбегіміз.

Осы тұрғыда Елбасы «Егер жаңғыру  елдің ұлттық  рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» дейді. Бағзы заман сынынан сүрінбей өткен озық ұлттық дәстүрлерімізді қайта жаңғыртатын күн туды. Болашақта ұлттың табысты болуы үшін, бәсекелестікке қабілетті, жігерлі ұрпақ тәрбиелеу керек.

Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу үшін өткен тарихымызды, ұлттық  салт-дәстүрімізді, құрдымға кете жаздаған тілімізді, әдебиетімізді, музыкамызды, яғни ұлттық рухымызды бойтұмар етіп қалдыруымыз керек.

Алдымдағы шәкірттеріме рухани жаңғыру жолында білімнің ықпалы зор екенін, табысқа жетудің алтын кілті де, білімде өз қолдарында екенін түсіндіремін. «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектебіміздің түлектерімен аудандық тарихи-өлкетану музейіне, Д.А.Қонаев атындағы  саябаққа саяхат жасадық. Болашақ  жастардың, келер ұрпақтың қолында, ал жарқын болашақ білімді ұрпақтың қолында.        

      

                                                        Жанерке Исағұлова, Топар   орта мектебінің   

                                                                                                    тарих пәнінің мұғалімі.

 

 

Кітап–рухани жаңғыру құралы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Бо­ла­ша­ққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жазғандай: «Біздің мақ­са­ты­­мыз айқын, бағытымыз белгілі, ол − әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қо­сылу».

Әлемнің ең дамыған отыз елінің санатына қосылу шар­ты­ның бірі – «Жаһандағы заманау­и мәдениет жобасын» іске асыру болып табылады.

Мәдени өнім­де­ріміз рухани құрал – алдымен кі­тап түрінде өркендеуі абзал. Бұл сала бой­ынша біз қазір жойдасыз артта қалып отырғанымыз жасырын емес. Әсіресе, Батыс елдерінен.

Осы тұрғыда мектебімізде 24 қараша күні ауданымыздың білім беру ұйымдарының кітапханашыларымен іс-тәжірибе алмасу мақсатында Елбасының болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде «Кітап-рухани жаңғыру құралы»  атты тақырыпта аудандық семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға аудандық білім беру ұйымдарының кітапханашылары келіп қатысты.

Семинарды мектебіміздің директоры Мұхан Қарлығаш Сембекқызы ашып берді. Бұдан ары семинардың өтілу барысы белгіленген бағдарлама негізінде жалғасын тапты. Ауанымыздың білім беруұйымдарынан келген кітапханашыларға «Кітап әлемі» тақырыпта кітап көрмесімен таныстырылды. 5 сынып оқушылары «Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім» тақырыбында лездемелері тыңдалды. Сонымен қатар мектебіміздің тренерлері бастауышсынып мұғалімі Ж.Сырманақова мен ағылшын тіліпәні мұғалімі М.Тыныбекова апайларымыз «Кітап әлемі» және «Кітаптар сыры» тақырыптарда тренинг, коучингтер өткізді.

 

Изетова Гүлназ Ертайқызы

«Ә.Ахметов атындағы орта мектеп МДШО» мкм

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Тарихтан тағылым

      Бақанас мектеп-интернатында кітапханашылар «Рухани жаңғыруға» байланысты ауқымды шаралар өткізуде. «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты кітап көрмесі ұйымдастырылған.Көрмеге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа  жолдауы , көрнекті қоғам қайраткері, саяси дара тұлға Д.А.Қонаевтың «Өтті  дәурен осылай», «Ұлы тұлғаның ұлағаты»т.б,ауданнан шыққан ақын-жазушылар, белгілі журналистердің, жерлес танымал адамдардың кітаптары қойылған.Туған жеріміздің, еліміздің тарихын білу әр адамның азаматтық борышы мен міндеті.Көрмеге шолу жасалып, оқушыларға рухани жаңғыру жайлы әңгіме өткізілді.

КІТАПХАНАШЫ      ЖАННА   НАХАҚЫЗЫ     Бақанас мектеп-интернаты

« Білімді ұрпақ – болашақтын нұры»

 

        Бала тәрбиесін отбасынан бастауды өте дұрыс. Баланы тәрбиелеуде ананың да, әкенің де рөлі өте зор. Қыз баланы анасы, ұл баланы анасы, өмірдің жақсы мен жаманын, ағы мен қарасын ажырата білуге үйретуі тиіс. Отбасында жақсы тәрбие алған бала болашақта да еліне жанашыр, халқының қамын ойлар азамат болары сөзсіз.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру негізінде Топар ауылының орта мектебінде « Білімді ұрпақ – болашақтын нұры» атты тақырыпта мектеп оқушыларымен жиын болып отті. Елбасымыздың « Болашаққа бағдар, Рухани жанғыру» атты мақаласы кең көлемде талқыланып, жастарымызға үш тілді жетік менгеріп бәсекеге қабілетті әлемдегі  мемлекеттердің ішінен көріну үшін білімді, ұшқыр ойлы шәкіріттер болуы шарт екені басым айтылды. Әр оқушы өз ойын ортаға салып тілімізді,дінімізді құрметтеу әрі оны сүю әрқайсымыздың патриоттық борышымыз деді.

       Сондықтанда жақсы білім алып үш тілді жеттік менгеріп болашақтың атын әлемге паш ету біздің мақсатымыз деп өз сөздерін түйіндеді. Әрине сөздерінің мазмұнды әрі сенімді айтылуы, ойларының ұшқырлы мектеп ұстаздары өз шәкіріттеріне ризашылықтарының білдірді. Болашақ жастарымыздың осындай тапқырлы ой- пікірлері бізді өте қуантты.

 Топар орта мектебінің мұғалімі    Садуахасова Гүльзада  Мейрамқұлқызы

Карта сайта