ҚОЙНАУЫ ҚҰТҚА ТОЛЫ БАЛҚАШЫМ

«Бақыттың кілті-еңбекте» дегендей, күннің суығына тоңып, ыстығына күйіп, егін егіп, мал өсіріп, аудандағы мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы кәсібін дөңгелетіп отырған ауылшаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбектері өлшеусіз екендігі шындық. Осындай, елі мол ырысқа, жері ақ күрішке толып, қойнауы құтқа айналған өңірімізде Ауылшаруашылық күніне орай аудандық Мәдениет үйінде салтанатты кеш болып өтті.

Әсем әуен, әуелете шырқалған әнмен  ашылған келелі жиында алғашқы сөз алған аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы барша аудан тұрғындары мен ауылшаруашылығы саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, биылғы жылғы ауылшаруашылық саласында атқарылған ауқымды жұмыстарға да тоқталды. 

Осылайша, жиын барысында аудан тұрғындары мен қызметкерлерін ауылшаруашылық күнімен және келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаған аудан басшысы ауданымыздың дамуы мен өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар ауылшаруашылық еңбеккерлеріне Құрмет Грамоталары мен Алғыс Хаттар және бағалы сый-сияпаттар табыстады.

Алтынай СЕЙТКЕН, «Балқаш өңірі».

Карта сайта