ЖАҢҒЫРУДАН ШЕТ ҚАЛМАЙМЫЗ

 Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында қозғалған бағыттар-мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыруға бағытталған құжат деп біле-мін. Елімізде әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Ал бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін.  Ал рухани жаңғыру мен жаңғыртудағы білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білу-іміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел болам десең-бесігіңді түзе»,-дейді Ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір шәкірт өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүрудің жолдарын білуі тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуы үшін жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар қауымының қосатын үлесі-жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп тәрбиелеу және білім мен тәрбие беруді жаңаша құру-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

 Айжамал МАМЫШОВА, мұғалім.

Балқаш ауданы.

Карта сайта