РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ-БОЛАШАҚҚА БАСТАЙДЫ

Мемлекет басшысының  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында қамтылған міндеттерді жүзеге асырып, оны халыққа кеңінен насихаттау   мақсатында Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінде, яғни мектебімізде көптеген  іс-шаралар өткізілуде. Атап айтар болсам,  мектебімізде «Рухани жаңғыру» бұрышы ұйымдастырылып, 5-10 сынып оқушылары арасында «Елім менің-ұлыстар мекені» атты фестиваль,  «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асы-руға арналған «Туған жер»  шығармалар  байқауы, «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты тарихи-танымдық экскурсия, «Рухани жаңғыру-болашаққа бастар жол» атты жоғарғы сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел,  мектеп кітапханасында «100 есім-100 кітап» тақырыбында кітап көрмесі т.б. көптеген шаралар  болып өтті. Күні кеше «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының ұйымдастыруымен 7-11 сынып оқушылары арасында дарынды оқушыларды анықтау мақсатында «Дарынды өрендер»  байқауы болып, оқушылар  «Жас ақындар» кезеңінде туған ел, туған жер  туралы өз ойларын жырға қосса,   ал жас суретшілер туған жер табиғатын қылқаламмен бейнелеп,  әнші өн-ерпаздарымыз  халық  әндерін  әуелете  шырқады.                                                            

Ұйымдастырылған іс-шара-ларға мектеп оқушылары бел-сенділікпен, құлшына атсалысуда. Осындай  игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

                                                                                         Жанар АҚЫЛОВА, мұғалім.

 

Карта сайта