Бүгінгі жас ұрпақ – келешек ұлт болашағы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл басындағы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялаған болатын. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі-саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Рухани жаңғыру бүгін басталып, ертең аяқталатын іс емес.

Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.  Патриотизм-кіндік қаның тамған жеріңе, туған еліңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Оның ауқымы ізінше кеңейіп, «Туған елге» ұласады.

Жаңыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлету мақсатында  «Айгөлек» шағын орталығында «Туған жер» идеясы аясында «Туған елім» тақырыбында іс-шара өтті.  Іс-шарамызға «Күншуақ», «Балбөбек», «Балапан» топтары қатысып, Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата-Заңымыз, Әнұранымыз жайлы түрлі өлең жолдарын оқып,   әндерін шырқады.

Қазақтың ұлттық билерін мың бұрала билеп, тамаша көңіл-күй сыйлады.

Кішкентай бүлдіршіндеріміздің болашақтары жарқын, жолдары ашық болсын!!! Туған еліміздің еркіндігін сақтап, мықты азамат болатындарына сенімім мол. 

 

 

                                                                                           «Айгөлек» шағын орталығының

                                                                         тәрбиешісі Игембай Ғалия.

                            №2 Жамбыл атындағы орта мектеп

Балатопар ауылы

Карта сайта