Рухани жаңғыру - өткен тарихтың жаңғыруы.

 

            Ел Тәуелсіздігі де бізге жеңіл жолмен келген жоқ. Бұл жолда қазақтың басына бостандық алу деген сенімі нық болды. Болашаққа, келер ұрпаққа тыныш өмір сыйлауға асық болды. Жақсы мен жаманды саралай отырып, Елбасының сара жолының арқасында бағытымыз айқын болды. Тәуелсіз Қазақстан деген ел болдық. Елімізді әлем танып жария болды.  Енді Елбасының  үшінші жаңғыру, яғни  Қазақстанның жаңаша жаңғыру басталды. Еліміз жауапкершілігі мол, мықты әрі біртұтас ел болу үшін ұлттық сана, көзқарасымызды  қалай өзгертетініміз  туралы ойын ортаға салды.  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың осыған дейінгі Жолдауларын негізге ала отырып, көптеген биіктерден көріндік. Ендігі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы да қазақ елін жаңаша танытатын  бастама деп білемін. Елімнің болашағының жарқын әрі  анық болуы алға қойған мақсатқа жетудегі біздің тер төккен еңбегіміз.

Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектебіміздің түлектерімен Балқаш аудандық мұражайына, Д.А.Қонаев атындағы ескерткішіне саяхат жасадық. Болашақ  жастардың, келер ұрпақтың қолында, ал жарқын болашақ білімді ұрпақтың қолында. Елімнің болашағы жарқын болсын!

                                               Исагулова Жанерке

                                               Топар орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Карта сайта