Кітап–рухани жаңғыру құралы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Бо­ла­ша­ққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жазғандай: «Біздің мақ­са­ты­­мыз айқын, бағытымыз белгілі, ол − әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қо­сылу».

Әлемнің ең дамыған отыз елінің санатына қосылу шар­ты­ның бірі – «Жаһандағы заманау­и мәдениет жобасын» іске асыру болып табылады.

Мәдени өнім­де­ріміз рухани құрал – алдымен кі­тап түрінде өркендеуі абзал. Бұл сала бой­ынша біз қазір жойдасыз артта қалып отырғанымыз жасырын емес. Әсіресе, Батыс елдерінен.

Осы тұрғыда мектебімізде 24 қараша күні ауданымыздың білім беру ұйымдарының кітапханашыларымен іс-тәжірибе алмасу мақсатында Елбасының болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде «Кітап-рухани жаңғыру құралы»  атты тақырыпта аудандық семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға аудандық білім беру ұйымдарының кітапханашылары келіп қатысты.

Семинарды мектебіміздің директоры Мұхан Қарлығаш Сембекқызы ашып берді. Бұдан ары семинардың өтілу барысы белгіленген бағдарлама негізінде жалғасын тапты. Ауанымыздың білім беруұйымдарынан келген кітапханашыларға «Кітап әлемі» тақырыпта кітап көрмесімен таныстырылды. 5 сынып оқушылары «Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім» тақырыбында лездемелері тыңдалды. Сонымен қатар мектебіміздің тренерлері бастауышсынып мұғалімі Ж.Сырманақова мен ағылшын тіліпәні мұғалімі М.Тыныбекова апайларымыз «Кітап әлемі» және «Кітаптар сыры» тақырыптарда тренинг, коучингтер өткізді.

 

Изетова Гүлназ Ертайқызы

«Ә.Ахметов атындағы орта мектеп МДШО» мкм

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Карта сайта