ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Қазақстан-қазақ халқының  атамекені. Ата-бабаларымыздың ұрпағы үшін қан төккендігінің   арқасында аманат болған киелі мекен. Бүгінде Тәуелсіздікке  қол жеткізіп, терезесі өзге елдермен тең болып отыр. Ел Тәуелсіздігі де бізге оңай жолмен келген жоқ. Бұл жолда қазақ еліне егемендік  алу деген сенімі нық болды. Болашаққа, келер ұрпаққа тыныш өмір сыйлауға асық болды. Жақсы мен жаманды саралай отырып, Елбасының сара жолының арқасында бағытымыз айқын болды. Тәуелсіз Қазақстан деген ел атандық. Елімізді әлем таныды.

Енді Қазақстанның жаңаша жаңғыруы басталды. Еліміз жауапкершілігі мол, мықты әрі біртұтас ел болу үшін ұлттық сана, көзқарасымызды  қалай өзгертетініміз  туралы ауқымды жоспарлар жасалынуда.

Елбасы Н.Назарбаевтың осыған дейінгі Жолдауларын негізге ала отырып, көптеген биіктерден көріндік. Ендігі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы да қазақ елін жаңаша танытатын  бастама деп білемін. Елімнің болашағының жарқын әрі анық болуы алға қойған мақсатқа жетудегі біздің тер төккен еңбегіміз.

Осы тұрғыда Елбасы «Егер жаңғыру  елдің ұлттық  рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» дейді. Бағзы заман сынынан сүрінбей өткен озық ұлттық дәстүрлерімізді қайта жаңғыртатын күн туды. Болашақта ұлттың табысты болуы үшін, бәсекелестікке қабілетті, жігерлі ұрпақ тәрбиелеу керек.

Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу үшін өткен тарихымызды, ұлттық  салт-дәстүрімізді, құрдымға кете жаздаған тілімізді, әдебиетімізді, музыкамызды, яғни ұлттық рухымызды бойтұмар етіп қалдыруымыз керек.

Алдымдағы шәкірттеріме рухани жаңғыру жолында білімнің ықпалы зор екенін, табысқа жетудің алтын кілті де, білімде өз қолдарында екенін түсіндіремін. «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектебіміздің түлектерімен аудандық тарихи-өлкетану музейіне, Д.А.Қонаев атындағы  саябаққа саяхат жасадық. Болашақ  жастардың, келер ұрпақтың қолында, ал жарқын болашақ білімді ұрпақтың қолында.        

      

                                                        Жанерке Исағұлова, Топар   орта мектебінің   

                                                                                                    тарих пәнінің мұғалімі.

 

 

Карта сайта