Білімді ұрпақ – болашақ нұры

Бала тәрбиесін отбасынан бастау өте дұрыс. Баланы тәрбиелеуде ананың да, әкенің де рөлі өте зор. Қыз балаға анасы, ұл балаға әкесі өмірдің жақсы мен жаманын, ағы мен қарасын ажырата білуге үйретуі тиіс. Отбасында жақсы тәрбие алған бала болашақта да еліне жанашыр, халқының қамын ойлар азамат болары сөзсіз. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында дәл осы ойлар негізге алынған.

Топар ауылының орта мектебінде «Білімді ұрпақ – болашақтын нұры» атты тақырыпта мектеп оқушыларымен жиын болып өтті. Елбасымыздың « Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру» атты мақаласы кең көлемде талқыланып, жастарымыздың үш тілді жетік меңгеріп, бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарынан көріну үшін білімді, ұшқыр ойлы шәкіріттер болуы шарт екені айтылды. Сондықтан да сапалы білім алып, үш тілді жетік меңгеріп, болашақта елімізді әлемге паш ету біздің міндетіміз екендігі әңгіме өзегіне айналды. Сөздерінің мазмұнды әрі сенімді айтылуы, ойларының озықтығы үшін  ұстаздар өз шәкіріттеріне ризашылықтарын білдірді. Оқушылардың осындай тапқырлы да орамды ой-пікірлері бізді өте қуантты.

 

 Гүлзада   Садуахасова,

                                                                                          Топар орта мектебінің мұғалімі.

Карта сайта