Баспасөз брифингі

Өткен аптаның сейсенбісінде аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы облыс орталығы Талдықорған қаласындағы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында ауданның 2017 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, 2018 жылда атқарылатын жұмыстары және болжамы мен міндеттері туралы баяндама жасады.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысқан баспасөз мәслихатында аудан басшысы аграрлы ауданымыздың 2017 жылы егін және мал шаруашылықтары саласында атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар аудан басшысы білім, спорт және мәдениет салалары бойынша жеткен жетістіктерді айта келе, денсаулық сақтау саласы бойынша аудан көлемінде жүргізіліп жатқан шаруаларға да тоқталып өтті.

Тарихтан тағылым

Бақанас мектеп-интернатында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында ауқымды шаралар көптеп өткізілуде. Соның бір парасы жақында аталмыш мақала тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме сөресіне Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы, сонымен қатар Ұлы тұлға Д.Қонаевтың «Өтті дәурен осылай», «Ұлы тұлғаның ұлағаты», т.б. ауданнан шыққан ақын-жазушылар, белгілі журналистердің, танымал жерлес адамдардың кітаптары қойылды.

Жанна Нахақызы, Бақанас мектеп интернатының кітапханашысы.

Карта сайта